Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң өкiлеттi өкiлдерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы N 1174 қаулысы

Қолданыстағы

      2000 жылғы 25 қаңтардағы Монополияға қарсы келiсiлген саясат жүргiзу туралы шарттың 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлi мiндетiнен босатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Ораз Әлиұлы Жандосов (келiсiм бойынша) және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Бақытжан Әбдiрұлы Сағынтаев (келiсiм бойынша) Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып тағайындалсын.

      3. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңесiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 мамырдағы N 514 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі