"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасында:
044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" кiшi бағдарламасындағы "1450500" деген сандар "1408156" деген сандармен ауыстырылсын;
052 "Қызылорда - Жезқазған автожолын қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "960000" деген сандар "954226" деген сандармен ауыстырылсын;
058 "Астана қаласының айналма жолын қалыпқа келтiру" кіші бағдарламасындағы "533325" деген сандар "436928" деген сандармен ауыстырылсын;
060 "Қарағанды қаласы арқылы өту учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "1007067" деген сандар "1151582" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға 226-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
060 кіші бағдарлама "13,5" деген сандар "15,4" деген сандармен ауыстырылсын;
7 тармақта "305,4" деген сандар "307,3" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі