Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1065 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  N 1256  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі