Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 94-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Бауыржан Сәтжанұлы сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетi төрағасының
орынбасары;
Көшенов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Ахметжан Рақымбайұлы ортаны қорғау министрлiгi
Экологиялық саясат және тұрақты
даму департаментiнiң директоры;
Мисников - Қазақстан Республикасының
Владимир Андреевич Индустрия және сауда министрлiгi
Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы;
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Аймақтық саясат және
бюджетаралық қатынастар
департаментiнiң директоры, хатшы;
мына:
"Соломин Леонид Зиновьевич - "Қазақстан еркiн кәсiподақтарының конфедерациясы" қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Соломин Леонид Зиновьевич - "Қазақстанның Бiрыңғай кәсiптiк орталығын құру жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң тең төрағасы" (келiсiм бойынша)";
көрсетiлген құрамнан мыналар: Әбсатиров Кеңес Ғарапұлы, Амангелдиев Ардақ Амангелдiұлы, Қынатов Марат Полатұлы, Хамзина Нұргүл Қалиқызы шығарылсын;
2) "Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 163-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
Аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi,
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi;
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi;
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы вице-министрi;
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi;
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi;
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрi;
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Аймақтық саясат және
бюджетаралық қатынастар
департаментiнiң директоры, хатшы;
көрсетiлген құрамнан мыналар: Аймақов Бауыржан Жаңабекұлы, Амангелдиев Ардақ Амангелдіұлы, Наймушина Ольга Вадимовна, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі