Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 және 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақ "орындау" деген сөзден кейiн ", елдің инновациялық дамуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      1) тармақша "инновациялық" деген сөздiң алдынан "инвестициялық және" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "және инвестицияларды" деген сөздер ",  инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнің мәселелерi бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу;";
      19) тармақша "инвестициялық" деген сөзден кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1) - 19-4)тармақшалармен толықтырылсын:
      "19-1) инновациялық қызметтi дамытуды және инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
      19-2) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар инновацияларды және инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу;
      19-3) инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру;
      19-4) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;";
      10-тармақта:
      1) тармақша "инвестициялық" деген сөзден кейiн "және инновациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "және инвестицияларды" деген сөздер ",  инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы:
      екiншi абзац "индустрия" деген сөзден кейiн "және инновация" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзац "ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын" деген сөздерден кейiн ", инновациялық бағдарламаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзацтағы "және технологиялық" деген сөздер ",  технологиялық және инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) елдiң инновациялық дамуы саласында:
      елдiң инновациялық даму болжамдарын әзiрлейдi;
      инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновациялар мен инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерін құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметтi қаржыландыру және ынталандыру, инновацияларды құруға мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөніндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзірлейді;
      үлгi құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурстық іріктеу және қаржыландыру ережелерiн әзiрлейдi;";
      11-тармақтың 1) тармақшасы "орындау" деген сөзден кейiн ",  елдің инновациялық дамуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына :
      1-тармақтағы "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      реттiк нөмiрi 4-жолдағы:
      "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "наурыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 5-жолдағы:
      "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "маусым" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ";
      реттiк нөмiрлерi 7 және 8-жолдардағы "Жауапты орындаушылар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ, ҚарМ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі