Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы N 1018 қаулысы

Қолданыстағы

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына  және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 43-тармақпен толықтырылсын:
      "43. Қазақстан Республикасы      мемлекеттiк орман қоры
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң        учаскелерiнде орман
Орман және аңшылық шаруашылығы         пайдаланушылар жүзеге
комитетi                               асыратын сүрек дайындау
                                       жөнiндегі қызмет";
      2) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
      "41) мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде орман пайдаланушылар
жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi
қызмет                                                       10";
      3) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 42, 423-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2003 жылғы 2 қазандағы
N 1018 қаулысымен 
бекітілген    

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау
жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Бiлiктiлiк талаптары мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызметке (бұдан әрi - сүрек дайындау жөнiндегi қызмет) лицензия алуға талапкер заңды және жеке тұлғаларға қойылады.
      Сүрек дайындау жөнiндегi қызмет басты пайдаланымдағы кесудi, аралық пайдаланымдағы кесудi және өзге де кесудi жүзеге асыруды қамтиды.
      Сүрек дайындау жөнiндегi қызметтiң көлемiне қарай бас немесе бiржолғы лицензия берiледi.
      Бас лицензия ағаш кесудiң барлық түрлерiне мерзiмi шектелмей берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
      Бiржолғы лицензия аралық пайдаланымдағы кесудi, өзге де кесудi жүргiзуге берiледi және жұмыс жүргiзу көлемiмен (алаңымен) де, мерзiмiмен де шектеледi және нақтылы мемлекеттiк орман иелену аумағына қолданылады.
      Лицензия сүрек дайындау кезiнде жүзеге асырылатын барлық технологиялық операцияларға, оның iшiнде: ағаш құлатуға, бұтақшаларды кесуге, сүректi тасуға, ағашты күзеуге, тиеуге және шетке шығаруға берiледi.
      Бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылау лицензиат жыл сайын лицензияны алу күнiне тапсыратын оның бiлiктiлiк талаптарын растайтын құжаттар мен материалдарды қамтиды.
      1. Басты пайдаланымдағы кесу кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушi басшыда - жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң;
      жеке тұлға үшiн - орта немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң;
      2) инженерлiк-техникалық қызметкерлер үшін - лицензиаттың деректерiмен расталған мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман-инженерлiк iс, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе тиiсті орта кәсiптiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушылардың;
      3) лицензиаттың деректерiмен расталған ағаш құлату, бұтақшаларды кесу, сүректi тасу, тиеу және шетке шығару, магистральды және сүрлеу жол ағаштарын күзеу, кесу бойынша жұмыстар жүргiзудi үйренген қызметкерлердiң;
      4) материалдық-техникалық базаның:
      ағаш кесу ережелерiмен белгiленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзуге қойылатын экологиялық-орман өсiрушiлiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық сипаттамалары бар арнаулы машиналар мен тетiктердiң, жабдықтардың, энергетикалық модульдердiң, ағаш дайындау техникасының (харвестерлердiң, форвардерлердiң), ағаш тасушылардың, әбзелдердiң, аспаптар мен құрал-саймандардың;
      5) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк талаптарға сәйкес өрт сөндiру құралдарының;
      6) жұмыстардың осы түрiне белгіленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық үй-жайлардың;
      7) сүрек дайындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердiң;
      8) еңбек қорғауды және қауiпсiздiк техникасын қамтамасыз ететiн мамандардың болуын қамтиды.
      2. Аралық пайдаланымдағы кесу және өзге де кесу кезiнде қойылатын білiктiлiк талаптары:
      заңды тұлға үшiн:
      1) өтiнiш берушi басшыда - жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң;
      2) инженерлiк-техникалық қызметкерлерде - лицензиаттың деректерiмен расталған мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман-инженерлiк iс, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе тиiстi орта кәсiптiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар жауапты орындаушылардың;
      3) лицензиаттың деректерiмен расталған ағаш құлату, бұтақшаларды кесу, сүректi тасу, тиеу және шетке шығару, магистральды және сүрлеу жол ағаштарын күзеу, кесу бойынша жұмыстар жүргiзудi үйренген қызметкерлердiң;
      4) материалдық-техникалық базаның:
      ағаш кесу ережелерiмен белгiленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзуге қойылатын экологиялық-орман өсiрушілiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық сипаттамалары бар арнаулы машиналар мен тетiктердiң, жабдықтардың, энергетикалық модульдердiң, ағаш дайындау техникасының (харвестерлердiң, форвардерлердiң), ағаш тасушылардың, әбзелдердiң, аспаптар мен құрал-саймандардың;
      5) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк талаптарға сәйкес өрт сөндіру құралдарының;
      6) жұмыстардың осы түрiне белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық үй-жайлардың;
      7) сүрек дайындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердiң;
      8) еңбек қорғауды және қауiпсiздiк техникасын қамтамасыз ететiн мамандардың болуын қамтиды;
      жеке тұлғалар үшiн:
      1) орта немесе орта кәсiптiк білiмiнiң;
      2) инженерлiк-техникалық қызметкерлерде - лицензиаттың деректерiмен расталған мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман-инженерлiк iс, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк білiмi немесе тиiстi орта кәсiптiк білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар жауапты орындаушылардың;
      3) лицензиаттың деректерiмен расталған ағаш құлату, бұтақшаларды кесу, сүректi тасу, тиеу және шетке шығару, магистральды және сүрлеу жол ағаштарын күзеу, кесу бойынша жұмыстар жүргiзудi үйренген қызметкерлердiң;
      4) материалдық-техникалық базаның:
      ағаш кесу ережелерiмен белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзуге қойылатын экологиялық-орман өсiрушiлiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн техникалық сипаттамалары бар арнаулы машиналардың, жабдықтар мен аспаптардың, құрал-саймандардың;
      5) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк талаптарға сәйкес өрт сөндiру құралдарының;
      6) сүрек дайындауды реттейтiн нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердiң болуын қамтиды.