"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесін "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1008 қаулысы

Жаңартылған

      Сот кадрларын даярлау және судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сот академиясы) болып қайта аталсын.

      2. Сот академиясы қызметінің негізгі түрлері:
      сот жүйесінің кадрларын даярлау;
      судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот академиясына жалпы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен қайта аталған мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот академиясына білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берсін.

      6.  (Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі