"Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына және "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны мен оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары 1-қосымшаға сәйкес "ҚазАвтоКөлiк" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен, оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының құрамынан 2-қосымшада көрсетiлген әскери үлгідегi автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiктi бөлiп шығаруды және оны Қоғамның жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен оның қызметiнiң негiзгi мәнi әскери үлгідегі автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету деп белгілеп, Қоғам жарғысын бекiтудi және заң органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлдерiн енгiзiп, Қоғамның Директорлар кеңесiн қалыптастыруды;
2) Қоғамның Директорлар кеңесiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 16 қазандағы N 944 ем Жарлығында бекiтiлген жоспарларда көзделген жұмылдыру жоспарларын азайтпай, әскери үлгідегi автомобиль лектерiнiң орналасқан жерлерiнде Қоғамның филиалдарын құру туралы шешiм қабылдауын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 16 қазандағы N 944 ем Жарлығында бекiтiлген жоспарларға заңнамада белгiленген тәртiппен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары C.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 қыркүйектегi
N 965 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі республикалық мемлекеттiк автокөлiк
кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес
мемлекеттiк кәсiпорындарының
тiзбесi
1. "3096 автолек" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
2. "3097 автолек" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсіпорны.
3. Ұзынағаш еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсіпорны.
4. Ақмола автокомбинаты шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
кәсiпорны.
5. Республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының "Ақмола N 1"
еншiлес автокөлiк кәсiпорны.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
шаруашылық жүргiзу құқығындағы N 3063 автолек еншiлес
мемлекеттiк кәсiпорны.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"Ақтөбе АТЭП-3034" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
3082 автолек еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлігі республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"3056-Орал автолегі" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
10. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
шаруашылық жүргiзу құқығындағы Киев еншiлес мемлекеттiк
автокөлiк кәсiпорны.
11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"Семиозер AКК" еншiлес автокөлiк кәсiпорны.
12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"3078 "Г" әскери үлгідегi автолегi" мемлекеттiк еншiлес
кәсіпорны.
13. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"Сергеевка автокөлiк кәсiпорны" еншiлес мемлекеттік
кәсiпорны.
14. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"Түркiстан АКЭК" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 қыркүйектегi
N 965 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының құрамынан әскери үлгідегi автомобиль лектерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету үшін қажеттi мүлiк бөлiнуге тиiс еншілес мемлекеттiк кәсiпорындардың
тiзбесi
1. "N 3035 автолек" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгі республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны
"3048 автолек" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
N 3058 автолек еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
4. Республикалық автокөлiк кәсiпорны N 3067 автолек еншiлес
мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны
3073 автолек еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны
3076 автолек еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"Шымкент қаласы 3090 автолегi" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк
кәсiпорны.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 қыркүйектегi
N 965 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсіпорнының таратылуы тиiс еншiлес мемлекеттiк кәсіпорындарының
тiзбесi
1. "N 3035 автолек" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"3048 автолек" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
N 3058 автолек еншiлес мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
4. Республикалық автокөлiк кәсiпорнының N 3067 автолек еншiлес
мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
3073 автолек еншiлес мемлекеттiк кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
3076 автолек еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
"Шымкент қаласы 3090 автолегi" еншiлес мемлекеттiк автокөлiк
кәсіпорны.
8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорнының
3095 автолек еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 қыркүйектегi
N 965 қаулысына
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттеріне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм реттiк нөмiрi 21-45-мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"21-45. "ҚазАвтоКөлiк" АҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген бөлiм реттiк нөмiрi 160-18-мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"160-18. "ҚазАвтоКөлiк" АҚ".
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 43 жолмен толықтырылсын:
"43. "ҚазАвтоКөлiк" АҚ" (Астана қаласы) 100%.