Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі N 939 қаулысы

Қолданыстағы

      Жабдықтарды сатуды және олардың есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз өндiру (дайындау) үшiн қолды болуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың айналымын бақылау есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2003 жылғы 15 қыркүйектегі
N 939 қаулысымен    
бекітілген       

Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын,
бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесi

      1. Ампулаларды толтыруға арналған жабдық.
      2. Ампулаларды жабуға арналған жабдық.
      3. Түйме дәрілерді тайлауға арналған жабдық, оның ішінде тайлау құрал-саймандары.