"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының
16-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi N 1001
қаулысының
күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 927 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға
арналған республикалық бюджетiнiң болжамды
көрсеткiштерi
___________________________________________________________________
Атауы |Есеп |Бағалау | Болжам
|2002 |2003 |________________________
|жыл |жыл | 2004 | 2005 | 2006
| | | жыл | жыл | жыл
___________________________________________________________________
Республикалық бюджетке түсiмдер
млрд. теңгемен 565,3 721,8 862,1 983,2 1128,5
ЖIӨ-ге %-пен 15,1 16,5 17,7 17,9 18,0
Кiрiстер
млрд. теңгемен 505,7 649,8 780,6 891,7 1028,2
ЖІӨ-ге %-пен 13,5 14,8 16,0 16,3 16,4
Салық түсiмдерi
млрд. теңгемен 458,2 599,7 715,9 834,4 966,6
ЖIӨ-ге %-пен 12,2 13,7 14,7 15,2 15,4
Салыққа жатпайтын
түсiмдер
млрд. теңгемен 41,5 43,4 54,5 50,0 54,2
ЖIӨ-ге %-пен 1,1 1,0 1,1 0,9 0,9
Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер
млрд. теңгемен 5,9 6,6 10,3 7,3 7,4
ЖIӨ-ге %-пен 0,2 0,2 0,2 0,1 0,1
Алынған ресми трансферттер
млрд. теңгемен 49,1 57,6 66,9 76,2 91,5
ЖIӨ-ге %-пен 1,3 1,3 1,4 1,4 1,5
Кредиттердi қайтару
млрд. теңгемен 10,5 14,4 14,6 15,3 8,8
ЖIӨ-ге %-пен 0,3 0,3 0,3 0,3 0,1
Республикалық бюджеттiң шығыстары
млрд. теңгемен 570,0 793,0 954,8 1038,1 1159,9
ЖIӨ-ге %-пен 15,2 18,1 19,6 18,9 18,5
Республикалық бюджеттiң тапшылығы
млрд. теңгемен -4,7 -71,2 -92,7 -54,9 -31,4
ЖIӨ-ге %-пен -0,1 -1,6 -1,9 -1,0 -0,5
___________________________________________________________________
Анықтамалық:
ЖIӨ, млрд. теңге 3747 4387 4877 5485 6285
өткен жылға %-пен 109,5 109,0 107,0 106,5 108,0
Тауарлардың экспорты,
млн.АҚШ долл. 10043 11834 11414 11975 13028
ЖIӨ-ге %-пен 41,1 40,7 35,9 33,8 32,8
Тауарлардың импорты,
млн.АҚШ долл. 7435 8240 8805 9398 10384
ЖIӨ-ге %-пен 30,5 28,4 27,7 26,6 26,1
Тұтыну бағасының индексi,
%-пен
жылына орташа 5,9 6,4 5,4 5,0 4,5
АҚШ долларына теңге
бағамы
жылына орташа 153,5 151,0 153,3 155,0 158,0
Мұнайға дүниежүзілік баға
(ВRЕNТ қоспасы), бiр
баррель үшiн АҚШ доллары 25,0 26,0 22,0 22,0 21,5