Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн көбейту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкi арасындағы "Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн көбейту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке Қазақстан Республикасы атынан көрсетiлген Келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
2003 жылғы 29 сәуiр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары - Ауыл
шаруашылығы министрi
А.С.Есiмов мырзаға
Қазақстан Республикасы
473000, Астана,
Абай даңғылы, 49
Қазақстан Республикасы
"Ормандарды сақтау және республика аумағының
орманды жерлерiн көбейту" жобасын дайындауға
Қазақстан Республикасына Жапония Yкіметiнiң
Грантына қатысты
Грант TF 051351 Құрметтi Есiмов мырза!
Сiзге Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң (Банк) атынан Қазақстан Республикасына (Алушы) төрт жүз он мың алты жүз (410.600) АҚШ долларынан аспайтын сомаға Грант (Грант) беруге Жапония Үкiметi бөлген грант қаражатын таратушы ретiнде Банктiң келiсетiнi туралы хабарлаймын.
Грант осы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң арасындағы "Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн көбейту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiмге Қосымшада баяндалған мақсаттар үшiн және шарттарда қаржылық көмек көрсету туралы Алушының өтiнiшiне (бұдан әрi - Келiсiм-хат) жауап ретiнде берiледi. Алушы бұдан әрi өзiнiң келiсiмiн растай отырып, ол жоғарыда көрсетiлген мақсаттар үшiн және шарттарда келiсiм жасасуға және Гранттың қаражатын алуға уәкiлеттi екенiн мәлімдейдi.
Банктiң саясатына сәйкес осы Келiсiм-хат және осы мәселе бойынша кез келген ақпарат осы келiсiм күшiне енгеннен және Алушының тарапынан ақпаратты ашуға келiсiм алынғаннан кейiн жариялануға жататындығына Сiздiң назар аударуыңызды сұраймыз. Осы Келiсiм-хатқа қол қоя отырып, Алушы осындай жария етуге өзiнiң келiсiмiн бередi.
Жоғарыда айтылғандарға Алушының атынан Сiздiң келiсiмiңiздi өзiңiздiң қолыңызды және қол қойған күндi қойып және Банкке Келiсiм-хаттың қоса берiлген данасын қайтарып, растауыңызды сұраймын.
Осы Келiсiм-хат Банк Алушыға Сiз қол қойған Келiсiм-хаттың көшiрмесiн олардың алғандығы және олардың Келiсiм-хат тиiстi түрде санкцияланғандығы немесе бекiтiлгендiгi, орындалғандығы және Алушының атынан жеткізiлгендiгi туралы куәландыратын Банк үшiн қанағаттанарлық растама алғандығы туралы хабарлама жiберген күнi күшiне енедi және Келiсiм-хаттың шарттарына сәйкес Алушы үшiн заңи мiндеттi болып табылады.
Құрметпен,
Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң
атынан
____________________________________
Кристофер Ловелас
Еуропа мен Орталық Азия Өңiрi
Орталық Азия бойынша Өңiрлiк бөлiмшенiң
Ел бойынша Жұмыс iстейтiн директоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АТЫНАН
Қолы: __________
Аты-жөнi: __________
Лауазымы: __________
Күні: __________
ҚОСЫМША
Гранттың мақсаттары, мерзiмдерi мен шарттары
1. Мақсаттары мен қызметi
1.1. Гранттың мақсаты басты мiндет ретiнде ормандарды басқаруды жақсарту мен Қазақстандағы елдi мекендердiң кiрiстерiн ұлғайтуды көздейтiн "Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн көбейту" жобасын (Жоба) дайындауға жәрдем көрсету болып табылады. Грант Жобаны дайындау жөнiндегi қызметтiң (Қызмет) мынадай түрлерiн жүзеге acыру үшiн берiледi:
а) жобаның логикалық құрылымын (i) оның нәтижелiлiк индикаторларымен бiрге қоса алғанда, Жобаны iске асыру жоспарын әзiрлеу; (іі) шығыстар сметаларының кестелерiмен бiрге Жобаның толық сипаттамасы; (iii) iске асырудың толық ұйымдастыру схемасын айқындау; (iv) iске асыру кестесi; (v) сатып алу жоспары; (vi) қаржылық басқару жоспары және қаржыландыру жоспары; (vіі) мониторинг және бағалау жоспары және (viii) Операциялық басшылық жобасы және оларды талқылау және мүдделi тараптармен келiсу, олардың бағдарлы құны 96.100 АҚШ долларына баламалы.
b) жергiлiктi халықты орман шаруашылығы қызметiне тарту жөнiндегi тетiктердi әзiрлеу, семинарлар мен тренингтер, олардың бағдарлы құны 71.550 АҚШ долларына баламалы;
с) жобаның қоршаған ортаға әсер етуiн бағалауды дайындауды қоса алғанда, Жобаның экологиялық сараптамасы және қоршаған ортаны басқарудың толық жоспары және экологиялық сараптаманың әдiснамасы мен нәтижелерi тұрғысынан жұртшылықпен консультация, олардың бағдарлы құны 39.000 АҚШ долларына баламалы;
d) жобаның экономикалық және қаржылық тиiмділiгін талдау, бағдарлы құны 60.200 АҚШ долларына баламалы;
e) жобаның негiзгi мүдделi тараптарын айқындауды, олардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктерiн және оларға Жобаның iс-шараларының мүмкiн болатын әсерiн талдауды және олардың кiрiстерiнiң деңгейiн арттыруды және мүдделi тараптардың Жобаны iске асыруға қатысу жоспарын әзiрлеудi қоса алғанда, Жобаны әлеуметтiк бағалау, бағдарлы құны 39.500 АҚШ долларына баламалы;
f) ормандарды және жайылымдарды тұрақты басқару үлгiлерiн енгiзу үшiн құқықтық және институционалдық базаны бағалау, бағдарлы құны 41.300 АҚШ долларына баламалы;
g) алушының Грантты басқару жөнiндегi әкiмшiлiк және техникалық әлеуетiн, оның аудитiн қоса алғанда, нығайту, бағдарлы құны 62.900 АҚШ долларына баламалы.
2. Iске асырудың ортақ аспектiлерi
2.1. Алушы Ауыл шаруашылығы министрлiгi арқылы әрекет ете отырып:
а) Қызметтi адал және тиiмдi жүзеге асыруы; (b) осы мақсатқа қажеттi қаражатты, объектiлердi, қызметтер көрсетудi және өзге де ресурстарды жедел беруi; (с) Қызметке және Банк негiздi сұраған Грант қаражатын пайдалануға қатысты барлық ақпаратты беруi; (d) кезең-кезеңмен Банк өкiлдерiмен Қызметтi жүзеге асыру барысына және оның нәтижелерiне қатысты пiкiр алмасуы; және (e) Банк өкiлдерi Алушының аумағында Грантты iске асыруға байланысты мақсаттар үшiн болуы үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауы тиiс. Жоғарыда айтылғандарды шектеусiз Алушы Банктiң сұрау салуы бойынша Қызмет аяқталғаннан кейiн нысаны мен мазмұны бойынша Банк үшiн қолайлы болуы тиiс Қызметтiң нәтижелерi мен салдарды туралы есептi жедел дайындайды және Банкке бередi.
3. Сатып алу
3.1. Банкпен өзге уағдаластықтар болмағанда, Қызметтi орындау үшiн қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландыруға жататын консультациялық қызметтер көрсетудi және тауарларды сатып алу осы Қосымшаға 1-толықтырудың ережелерiмен реттеледi.
3.2. Грант қаражатынан қаржыландыруға жататын барлық импортталатын тауарлар оларды сатып алуға, тасымалдауға және пайдалану немесе орнату орнына жеткiзуге байланысты қатерлерден сақтандырылуы үшiн және тиiстi сақтандыру өтемi мұндай тауарларды алмастыруды немесе жөндеудi қамтамасыз ету мақсатында еркiн айырбасталатын валютада төленуi үшiн шаралар қабылдайды. Алушы Қызметтi орындауға байланысты кез келген объектiлердi пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету барлық уақытта тиесiлi әдiстердi пайдалана отырып жүзеге асырылуы үшiн және мұндай объектiлердi кез келген жөндеу немесе жаңарту қажеттiлiгiне қарай жедел жүргiзiлуi үшiн шаралар қабылдайды.
4. Грант қаражатын алу
4.1. Грант қаражаты Банк ашқан шотта, оның есеп құжаттарында Алушының атына (Гранттың шотына) есепке алынады және Алушы осы шоттан Қызметтi орындау үшiн қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлар мен қызметтер көрсетудiң негiзделген құнына ақы төлеу үшiн осы 4-бөлiмнiң ережелерiне сәйкес ала алады.
4.2. Бұдан әрi санамаланған баптардың шеңберiндегi шығыстар Грант қаражатынан қаржыландырылуы мүмкiн және Қызметтi орындау үшiн ғана пайдаланылады:
Санаты Бөлiнген Грант Грант қаражатынан
қаражатының қаржыландыруға жататын
сомасы шығыстардың
(АҚШ долл.) %
(i) Аудиттi қоса алғанда, 389.900 100%
консультациялық
қызметтер көрсету
(2) Оқыту және 13.200 100%
семинарлар
(3) Тауарлар 7.500 Шығыстардың 100%-ы шетел
валютасында, шығыстардың
100%-ы жергiлiктi валютада
(франко-зауыт құны) және
iшкi рынокта сатып алу
шеңберiнде басқа баптарға
шығыстардың 80%-ы
жергiлiктi валютада
ЖИЫНЫ 410,600
Осы тармақтың мақсаттары үшiн а) "шетел валютасындағы шығыстар" деген термин Қазақстан Республикасын қоспағанда, кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарлap мен қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшiн Қазақстан Республикасын қоспағанда, кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi; б) "жергiлiктi валютадағы шығыстар" деген термин шетел валютасындағы шығыстар болып табылмайтын кез келген шығыстарды бiлдiредi, алайда, егер Қазақстан Республикасының валютасы, сондай-ақ аумағынан тауарлар мен қызметтер көрсету жеткiзiлетiн басқа елдiң валютасы болып табылатын жағдайда осы тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған мұндай валютадағы шығыстар шетел валютасындағы шығыстар ретiнде қаралады; және в) "Семинарлар және тренинг" деген термин Жобаны iске асыру жоспары жөнiндегi, сондай-ақ оның экологиялық және әлеуметтiк әсерiн бағалау жөнiндегi қоғамдық консультациялық кеңестi, сондай-ақ жобаны басқаруға қатысатын Алушының қызметкерлерiнiң тренингiн бiлдiредi.
4.3. 4.2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
(а) қаражат Грант Шотынан мынандай жағдайларда алынбайды: (i) осы Келiсiм-хатқа Банк қол қойған күнге дейiн жүргiзiлген шығыстарға ақы төлеу үшiн; (іi) Алушы немесе Алушының аумағында алынатын қандай да болмасын салықтарды төлеу үшiн; (ііі) Банк мүшесi болып табылмайтын қандай да болмасын елдiң аумағындағы шығыстарды қаржыландыру үшiн немесе осындай елдiң аумағында өндiрiлген тауарларға немесе осындай елдiң аумағынан көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу үшiн; немесе (iv) жеке және заңды тұлғаларға қандай да болмасын төлемдердi жүзеге асыру үшiн немесе егер мұндай төлемдер немесе импорт Банкке белгiлi болғандай, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса, тауарлардың импортын қаржыландыру үшiн;
(b) қаражат Грант Шотынан 2006 жылғы 18 шiлдеден немесе ерекше жағдайларды қоспағанда, Банк Алушыға жазбаша хабарламада көрсететiн неғұрлым кеш күннен (Жабу күнi) кейiн алынбайды, Жабу күнi Жобаны қаржыландыру қаражатын Банк бекiтетiн болжамды күннен кеш болатындай етiп ауыстырылмайды. Алайда, Грант қаражаты, егер қаражатты алуға тиiстi өтiнiмдi Банк Жабу күнi басталғаннан кейiн төрт ай iшiнде алса, Жабу күнi басталғанға дейiн жүргiзiлген шығыстарға ақы төлеу үшiн Жабу күнi басталғаннан кейiн алынады, бұдан кейiн Грант Шотынан алынбай қалған Гранттың кез келген сомасы жоққа шығарылады; және
(с) егер Банктiң пiкiрi бойынша 4.2-тармақтың кестесiнде көрсетiлген қандай да болмасын баптың шеңберiнде бөлiнген Грант сомасы осы бап бойынша шығыстарды қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз болса, Банк Алушыға жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы бапқа Банктiң пiкiрi бойынша басқа шығыстарды қаржыландыру үшiн талап етiлмейтiн, басқа бапқа бөлiнген Грант қаражатының осындай сомасын аудара алады.
4.4. Егер Алушы Грант Шотынан қаражаттың қандай да бiр сомасын алғысы келсе, ол Банк көрсеткен нысан бойынша осы соманы алуға Банкке жазбаша өтiнiм беруi тиiс. Қаражатты алуға арналған өтiнiмдерге: (а) Алушының атынан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi немесе одан осыған жазбаша өкiлеттiк алған өзге тұлға қол қояды; және b) Банк негiздi талап еткен растаушы құжаттармен бiрге жүредi. Қаражатты алуға арналған өтiнiмдерге қол қоюға уәкiлеттi тұлғалардың қолдарының расталған үлгiлерi оның қолы бap бiрiншi өтiнiммен бiрге берiледi. Гранттың белгiлi бiр сомасын алуға арналған әрбiр өтiнiм және оны растайтын құжаттама Алушы Грант Шотынан осы соманы алуға құқығы барына және осы сома Қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатынына Банктi сендiруi үшiн нысаны мен мазмұны бойынша жеткiлiктi болуы тиiс. Банк Алушы Грант Шотынан алатын соманы тек Алушының өзiне немесе оның тапсырмасы бойынша төлейдi.
4.5. Банк қаражатты Грант Шотынан алу: (а) құны 50.000 АҚШ долларына баламалы сомадан кем консультациялық қызметтер көрсетуге; (b) құны 25.000 АҚШ долларына баламалы сомадан кем жеке консультанттардың қызметтер көрсетуiне; және (с) тауарларды жеткiзуге және, (d) семинарлар мен тренингтерге арналған келiсiм-шарттар бойынша шығыстарға ақы төлеу үшiн шығыс ведомостарының негiзiнде жүргiзiлуiн талап ете алады, бұл ретте мұның барлығы Банк Алушыға хабарламада анықтайтын ережелер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4.6. Грант қаражатын алу Грант валютасында жүргiзiледi. Банк Алушының өтiнiшi бойынша және Алушының өкiлi ретiнде әрекет ете отырып, Гранттың валютасына Гранттың Шотынан алынған Грант қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарға ақы төлеу үшiн қажеттi валютаны сатып алады. Егер осы Келiсiм-хаттың мақсаттары үшiн бiр валютаның басқа валютаға қатынасы бойынша құнын айқындау қажет болса, бұл құнды Банк негізді түрде анықтайды.
4.7. Қызметтiң жүзеге асырылуына жәрдемдесу мақсатында Алушы Банкте және осы шоттың өзара есеп берулерден, тұтқындалуынан немесе қосылуынан тиiсiнше қорғалуын қоса алғанда, Банк үшiн қанағаттанарлық жағдайда АҚШ долларымен арнайы депозиттiк шот (Арнайы шот) аша және жүргiзе алады. Арнайы шотқа салымдар мен Арнайы шоттан төлемдер осы Қосымшаға II толықтырудың ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
5. Бухгалтерлiк шоттар мен аудит
5.1. (а) Алушы есеп құжаттар мен бухгалтерлiк шоттарды қоса алғанда, қаржылық басқару жүйесiн қолдайды және қолдауды қамтамасыз етедi және бухгалтерлiк есептiң тиiстi практикасына сәйкес Қызметтi жүзеге асыруға байланысты операцияларды, ресурстар мен шығыстарды тиiстi түрде көрсететiн Банк үшiн қолайлы нысан бойынша қаржылық есептер дайындайды.
(b) Алушы: (i) әрбiр қаржы жылы үшiн жоғарыда (а) тармақшасында көрсетiлген есеп құжаттарына, бухгалтерлiк шоттарына және қаржы есептерiне, сондай-ақ Арнайы шотқа қатысты есеп құжаттары мен бухгалтерлiк шоттарына Банк үшiн қолайлы, дәйектi түрде қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлардың аудиторлық тексеру жүргiзуiн қамтамасыз етуi; (іi) Банкке дайын болған бойда, бiрақ кез келген жағдайда әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей: (А) осы бөлiмнiң (а) тармақшасында айтылған аудиторлық тексеруден өткен әрбiр жыл үшiн қаржылық есептердiң расталған көшiрмелерiн, және (В) осы есептер, есеп құжаттары мен бухгалтерлiк шоттар бойынша жоғарыда көрсетiлген аудиторлардың қорытындысы, сондай-ақ көлемi мен тәптiштеу дәрежесiн Банк негiздi түрде анықтаған аудиторлық есептi; және (іii) Банкке оның негiзделген мерзiмдi сұрау салулары бойынша осы есеп құжаттарына қатысты өзге де мәлiметтердi, бухгалтерлiк шоттар мен олардың аудиторлардың тексерулерiн, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген аудиторларды ұсынуы тиiс.
(с) Қаржыландыру үшiн Грант Шотынан қаражат шығыс ведомостарының негiзiнде алынған барлық шығыстар бойынша Алушы: (i) осы шығыстарды көрсететiн есеп құжаттары мен бухгалтерлiк шоттардың осы бөлiмiнiң (а) тармақшасына сәйкес жүргiзуi немесе жүргiзуiн қамтамасыз етуi; (іі) Банк Грант Шотынан қаражатты соңғы алу жүргiзiлген қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi алғаннан кейiн кемiнде бiр жыл iшiнде осы шығыстарды растайтын барлық есеп құжаттарын (келiсiм-шарттар, тапсырыстар, шот-фактуралар, шоттар, түбiртектер мен басқа да құжаттар) сақтауы; (iii) Банк өкiлдерiне осы есеп құжаттарын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi; және (iv) осы есеп құжаттары мен бухгалтерлiк шоттар осы бөлiмнiң (v) тармақшасында аталған жыл сайынғы аудиторлық тексеруден өтуi үшiн және осындай аудиторлық тексеру туралы есеп осындай қаржы жылы iшiнде ұсынылған шығыс ведомостары, оларды дайындау процесiнде қолданылған iшкi бақылау рәсiмдерi мен тетiктерi, сондай-ақ қаражатты тиісiнше алу үшiн жеткiлiктi негiз болатын-болмайтындығына қатысты жоғарыда көрсетiлген аудиторлардың жекелеген қорытындысын қамтуы үшiн шаралар қабылдауы тиiс.
6. Құқықтарды тоқтата тұру және жою
6.1. Банк, егер төменде санамаланған оқиғалардың қандай да болмасын бiрi болса және болуын жалғастырса, Алушыға тиiстi хабарлама жiбере отырып, кез келген уақытта Алушының Грант Шотынан одан әрi қаражат алу құқығын тоқтата алады: (а) Алушы осы Келiсiм-хатта белгiленген өз мiндеттемелерiнiң кез келгенiн орындамаса; немесе (b) Банк Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен қарыз берген Алушының немесе кез келген өзге тұлғаның Банкпен қарыз туралы қандай болмасын келiсiм немесе Халықаралық даму қауымдастығымен дамыту кредитi туралы қандай да болмасын келiсiм шеңберiнде қаражат алу құқығы тоқтатылған болса.
6.2. Банк Алушыға тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, Алушының Грант Шотынан қаражатты одан әрi алу құқығын жояды: (а) Алушының Грант Шотына қаражатты алу құқығы осы бөлiмнiң 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес тоқтатылғаннан кейiн кез келген сәтте; (b) егер осы Грант туралы келiсiм күшiне енгеннен кейiн алты ай iшiнде Алушы Қызметтi жүзеге асыру мақсатында Банк үшiн қанағаттанарлық шараларды қабылдай алмаса; немесе (с) егер Алушымен консультация жүргiзгеннен кейiн Банк Жобаны одан әрi қолдаудан бас тартуды шешсе; немесе (d) егер Алушы Жобаны қаржыландыруда Банктiң көмегiне өзiнiң сұрау салуын қайтарып алса.
1 толықтыpу
Сатып алу
1 бөлiм. Консультациялық қызметтер көрсету
А-бөлiгi: Жалпы ережелер
Консультациялық қызметтер көрсету Банк 1997 жылғы қаңтарда жарияланған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда қайта қараған "Дүниежүзiлiк банктен қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi мен жалдауы" Басшылығының (Консультанттар жөнiндегi басшылық) I және IV ережелерiне сәйкес, сондай-ақ Басшылыққа 1-қосымшаға, Басшылыққа 2-қосымшаға және осы бөлiмнiң мынадай ережелерiне сәйкес сатып алынады.
В-бөлiгi: Сапасы мен құны бойынша iрiктеу
Осы Бөлiмнiң С-бөлiгiнде айтылған жағдайларды қоспағанда, консультациялық қызмет көрсету сапасы мен құны бойынша консультанттарды iрiктеу жағдайына қолданылатын Консультанттар жөнiндегi басшылықтың II бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес және Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.13-3.18-тармақтарының ережелерiне сәйкес тағайындалатын келiсiм-шарттар шеңберiнде сатып алынады.
С-бөлiгі: Консультанттарды iрiктеуге арналған өзге де рәсiмдер
1 Консультанттардың бiлiктiлiгi негiзiнде iрiктеу
Құны келiсiм-шартқа 100.000 АҚШ долларынан кем бағаланатын осы Қосымшаның 1.1(а), 1.1(b), 1.1(c), 1.1(d), 1.1(e), 1.1(f) және 1.1(g) кiшi параграфтарында көрсетiлген iс-шараларды орындау үшiн консультациялық фирмалардың қызметтер көрсетуi Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 3.1. және 3.7.-параграфтарының ережелерiне сәйкес тағайындалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады.
2. Жеке консультанттар
Осы қосымшаның 1.1(а), 1.1(b), 1.1(c), 1.1(d), 1.1(e), 1.1(f) және 1.1(g) кiшi параграфтарында көрсетiлген iс-шараларды орындау үшiн, Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.1-тармағында айтылған талаптарға жауап беретiн жеке консультанттардың қызметтер көрсетуi Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.1-5.3-тармақтарының ережелерiне сәйкес тағайындалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады.
D-бөлiгi: Банктiң консультанттарды iрiктеудi қарауы
1. Ірiктеудi жоспарлау
Консультанттарға Банктiң қарауына және бекiтуiне ұсыныстарды беруге қандай да болмасын шақыруларды жiбергенге дейiн келiсiм-шарттардың бағдарлы құнын, келiсiм-шарт пакеттерiнiң жиынтығын және қолданылатын өлшемдер мен iрiктеу рәсiмдерiн қамтитын консультанттарды iрiктеу жоспары ұсынылуы тиiс. Бұл жоспар Қызметтi жүзеге асырудың бүкiл кезеңiнде 6 айда бiр рет нақтылануы тиiс және әрбiр нақтыланған нұсқа Банктiң қаралуына және бекiтуiне жiберiлуi тиiс. Барлық консультациялық қызметтер көрсетудi iрiктеу Банк бекiтуi тиiс осы жоспарға сәйкес (мерзiмдi нақтылауларды ескере отырып), өтуi тиiс.
2. Алдын ала қарау
(а) Бағдарлы құны 50.000 АҚШ долларының баламасына тең немесе одан асатын консультациялық фирмаларды жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшасының 2, 3 және 5-тармақтарында баяндаған рәсiмдер қолданылады.
(b) Бағдарлы құны 25.000 АҚШ долларының баламасына тең немесе одан асатын консультациялық фирмаларды жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Банктiң алдын ала қарауына және бекiтуiне кандидаттардың бiлiктiлiгiн және тәжiрибесiн салыстыру нәтижелерi туралы есеп, сондай-ақ техникалық тапсырма мен консультанттарды жалдау шартын ұсынады. Келiсiм-шарт Банктiң келiсiмiн алғаннан кейiн ғана тағайындалады. Мұндай келiсiм-шарттарға Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 3-тармағының ережелерi қолданылады.
3. Кейiннен қарау
Осы Бөлiктiң 2-тармағының ережелерiмен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған рәсiмдер қолданылады.
II-бөлiм. Тауарларды сатып алу
Тауарлар (а) Банк 1995 жылғы қаңтарда жарияланған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қаралған "ХҚҚДБ қарыздары мен МАР кредиттерi бойынша сатып алу" Басшылығының (Басшылық) I бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес; және (b) Басшылықтың 3.5. және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес еркiн саудада сатып алу рәсiмдерiн пайдалана отырып, тағайындалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады. Мұндай келiсiм-шарттарға "ұсыныстар" деген сөз осы 4-параграфта "белгiлеу" ретiнде оқылуы тиiс болған жағдайда Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында баяндалған қарау рәсімдері қолданылады.
II қосымша
Арнайы шот
1. Осы Толықтырудың мақсаттары үшiн:
(а) "қолайлы бап/қолайлы баптар" деген термин Келiсiм-хатқа берiлген Қосымшаның 4.2-тармағындағы кестеде көрсетiлген бапты/баптарды бiлдiредi;
(b) "қолайлы шығыстар" деген термин Қызметтi жүзеге асыру үшiн қажет және Грант қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлар мен қызметтер көрсетудiң негiзделген құнына ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды бiлдiредi; және
(с) "Санкцияланған сома" деген термин Грант Шотынан алынуы және осы Толықтырудың 3(а) тармағына сәйкес Арнайы шотқа енгiзiлуге тиiс 50.000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi.
2. Арнайы шоттан төлемдер осы Толықтырудың ережелерiне сәйкес қолайлы шығыстарды қаржыландыру үшiн ғана жүргiзiледi.
3. Банк Арнайы шоттың тиiстi түрде ашылғандығын растайтын, оны қанағаттандырарлық құжаттарды алғаннан кейiн Санкцияланған соманың қаражатын алу және Арнайы шотты толықтыру үшiн кейiннен қаражат алу мынадай түрде жүргізiледi:
(а) Алушы Банкке Арнайы шотқа Санкцияланған соманың жиынтық мөлшерiнен аспайтын соманы немесе сомаларды салуға арналған өтiнiмдi немесе өтiнiмдердi жiбередi. Осындай өтiнiмнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұрау салған соманы немесе сомаларды Гранттың Шотынан алады және Арнайы шотқа салады.
(b) (і) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы Банкке мерзiмiн Банк анықтайтын Арнайы шотқа қаражат салуға арналған өтiнiмдердi жiбередi.
(іі) Осындай өтiнiмдi бергенге дейiн немесе берумен бiрге Алушы Банкке оларға байланысты Арнайы шотты толықтыруға қаражат сұралатын төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы Толықтырудың 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттаманы және басқа да растаушы құжаттарды жiбередi. Әрбiр алынған өтiнiмнiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұрау салған және жоғарыда айтылған әрi өзге де құжаттар көрсеткендей, қолайлы шығыстарға ақы төлеу үшiн Арнайы шоттан төленген соманы Гранттың Шотынан алады және Арнайы шотқа салады. Осындай тәсiлмен салынған барлық қаражатты Банк Гранттың Шотынан қолайлы баптар шеңберiнде және жоғарыда көрсетiлген әрi өзге де құжаттармен расталған тиiстi баламалы сомаларда алады.
4. Алушы Арнайы шоттан жүргiзген әрбiр төлемге қатысты Алушы Банктiң негiзделген талабы бойынша Банкке бұл төлем тек қолайлы шығыстарды жабу үшiн ғана жүргiзiлгендiгiне құжаттар мен өзге де дәлелдердi ұсынуы тиiс.
5. Осы Толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан, Банк Арнайы шотқа қосымша қаражатты салуға мiндеттi емес.
(а) егерде қандай да бiр кезеңде Банк бұдан әрi Алушы барлық қаражатты тiкелей Гранттың Шотынан алуы тиiс деп шешсе;
(b) егер Алушы Банкке осы Келiсiм-хатқа Қосымшасының 5.1.(b)-тармағының (ii) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде Банкке Арнайы шотқа жататын есеп құжаттары мен бухгалтерлiк шоттарды аудиторлық тексеруге байланысты көрсетiлген тармаққа сәйкес ұсынылуы тиiс қандай да болмасын аудиторлық есептi ұсынбаса;
(с) егер қандай да бiр кезеңде Банк осы Келiсiм-хатқа Қосымшаның 6.1.-тармағының ережелерiне сәйкес Гранттың Шотынан алуға Алушының құқығын өзiнiң толық немесе iшiнара тоқтату ниетi туралы Алушыға хабарласа; немесе
(d) Гранттың алынған қаражатының жалпы сомасы екi еселенген Санкцияланған соманың баламасына теңестiрiлсе.
Бұдан кейiн Гранттың Шотынан Гранттың жұмсалмаған қалдық сомасын алу Банк Алушыға тиiстi хабарламада анықтайтын рәсiмдердi пайдалана отырып жүргізіледi. Қаражатты осылайша одан әрi алу мұндай хабарлама сәтiнде Арнайы шотта қалған барлық қаражат қолайлы шығыстарға ақы төлеу үшiн пайдаланылатындығына Банк көз жеткiзетiндей дәрежеден кейiн ғана жүргiзiледi.
6. (а) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шоттан қандай да болмасын төлем: (i) осы Толықтырудың 2-тармағына сәйкес қолайлы болып табылмайтын шығыстарды немесе соманы жабу үшiн жүргiзiлдi; немесе (іі) Банкке ұсынылған құжаттармен расталмаған деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алып, тезарада: (А) Банк сұрау салған қосымша растаушы құжаттарды ұсынуы; немесе (В) Арнайы шотқа осындай төлемге тең немесе қолайлы болып табылмайтын немесе расталмаған оның сол бөлiгiне тең соманы салуы (немесе Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке қайтаруы) тиiс. Банкпен өзге уағдаластықтар болмаған кезде Банк Алушы мұндай растаушы құжаттарды бергенге немесе қаражатты салғанға немесе оларды қайтаруды жүргiзгенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қосымша қаражатты салмайды.
(b) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шотта қалған қандай да болмасын сома қолайлы шығыстарды қаржыландыру есебiне одан әрi төлемдердi жүзеге асыру үшiн талап етiлмесе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алып, Банкке осы қалған соманы тезарада қайтаруға тиiс.