Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
"Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 634
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 198-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1123
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 399-құжат).
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 8 қыркүйектегi
N 908 қаулысымен
бекiтiлген
Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер
санатының тiзбесi
1. Қызметтік жер үлесi тәртiбiмен берiлген учаскелердегi жер қатынастары Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 41-бабына сәйкес реттеледi.
2. Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мынадай санаттарының құқығы бар:
1) темiр жол көлiгiнiң желілік қызметкерлерi:
жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдерді тексерушiлер, жол айырығындағы кезекшiлер;
жол жұмысшылары және құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу жөнiндегi жұмысшылар, жол бригадирлерi, техниктер;
жол машиналары мен механизмдердiң механиктерi және механиктердiң көмекшiлерi, автодрезин, мототасығыш жүргiзушiлерi мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ жолдарды ағымдағы ұстаумен және жөндеумен айналысатын автомашиналар жүргiзушiлерi;
аға жол шеберлерi, көпiр, жол және тоннель шеберлерi;
қорғаныштық орман алқаағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерiнiң шеберлерi, орманшылары, бастықтары, бригадирлерi, бригадир-механиктерi, автомашина жүргiзушiлерi, тракторшылары;
кезекшi айырушылар, дабыл берушiлер, машинистер, машинистердiң көмекшiлерi, электромеханиктер, күл шығарушылар, тауар және билет кассирлерi, қож тазалаушылар;
локомотив бригадасының демалыс үйлерiнiң және ауысым пункттерiнiң меңгерушiлерi мен кезекшiлерi;
түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерi, олардың көмекшiлерi;
электрмен жабдықтаудың желілік аудандарының қызметкерлерi;
IV және V санаттардағы станциялардың электромеханик-бастықтары;
бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушілерi, операторлары, слесарлары;
"ПОНАБ" және "ДИСК" аспаптарымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылар;
сумен жабдықтау пункттерiнiң қызметкерлерi: сорғы станцияларының шеберлерi, бригадирлерi, слесарлары, автомашиналардың жүргiзушiлерi, электриктep, бульдозершiлер, экскаваторшылар, тракторшылар, ағаш шеберлерi, жабдықтаушылар, газ-электрмен дәнекерлеушiлер, токарьлар, от жағушылар;
байланыстық желi аудандарының, тартқыш кiшi станцияларының бастықтары, электромеханиктерi, электромонтерлерi, автомотокөлiк жүргiзушілерi;
орталықтандырылған дабыл беру және блоктaу (ОББ) электромеханиктерi;
IV және V санаттар станциялары бойынша бастық пен кезекшiлер, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерi;
жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттердiң, сауда нүктелерiнiң қызметкерлерi;
2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң желiлiк қызметкерлерi;
жол жұмысшылары, жөндеушiлер;
көпiр қарауылдары;
паромшылар;
жол және көпiр шеберлерi;
қардан қорғау және сәндiк ағаштар бойынша шеберлер және ағаш питомниктерiнiң қызметкерлерi;
3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi:
аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшылары, кеме жағдайын хабарлаушылар;
шамшырақтар мен гидротехникалық құрылыстардың қызметкерлерi;
4) мемлекеттiк орманды қорғау қызметкерлерi:
орманшылар, орман шеберлерi, қорықшылар, аға қорықшылар;
орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, аңшылар;
орманды күзету, қорғау, молайту және орман өcipу мәселелерiн жүргiзушi барлық санаттағы инженерлер;
орман шаруашылығын жүргiзушi ұйымдардың бiрiншi жетекшiлерi мен олардың орынбасарлары;
5) техникалық желi цехтары мен учаскелерiнiң, халықаралық байланыс және теледидар кабельдiк магистралы байланысы желiлiк торабының қызметкерлерi:
кабельшi-дәнекерлеушiлер;
6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер:
учаскелiк гидротехниктер, гидроөлшегiштер, су техниктерi, қадағалаушылар, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi басқа да мамандар (сорғы станцияларының машинистерi, электриктер);
7) республикалық және жергілiктi маңызы бар, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар;
8) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi:
шалғайдағы мал шаруашылығы фермаларының меңгерушiлерi, зоотехниктерi, ветеринарлары, табыншылары;
табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен баздардың қарауылдары;
9) құбыр тарту көлiгiнiң қызметкерлерi:
желiлiк тексерушілер;
10) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi:
гидрометеостанциялардың бастықтары;
техник-метеорологтар;
техник-гидрологтар;
техник-агрометеорологтар;
гидрометеопосттардың байқаушылары;
қар өлшеу бағыттарының қызметкерлерi;
11) балық шаруашылығының қызметкерлерi:
балық жетекшiлерi;
қарауылдар;
тоған жұмысшылары;
инкубация цехтарының жұмысшылары;
сорғы станцияларының машинистерi.