Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 тамыздағы N 862 қаулысы. Қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
      17-тармақтағы "екі орынбасары" деген сөздер "үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі