"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесiн және тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы";
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 22 тамыздағы
N 849 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1809 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Жiктеу тәртiбi және шарттары
2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс енгiзедi.
4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi
5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келiсiмдермен белгiленедi.
7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
"M" - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
"А" - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
"P" - қалғандары үшiн;
8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:
"К" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
___________________________________________________________________
р/с | Қазақстан Республикасы | Индекстегi
N | облыстарының атаулары | әріптің атауы
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
1. Ақмола C
2. Ақтөбе D
3. Алматы B
4. Атырау E
5. Шығыс Қазақстан F
6. Жамбыл H
7. Батыс Қазақстан L
8. Қарағанды M
9. Қызылорда N
10. Қостанай P
11. Маңғыстау R
12. Павлодар S
13. Солтүстiк Қазақстан T
14. Оңтүстiк Қазақстан X
___________________________________________________________________
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.