Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi санында:
"Оның iшiнде әкiмнiң орынбасарлары (бiрлiк)" деген бағанда:
"Оңтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "66" деген сан "67" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі