"Алтынсарин-Хромтау" темір жол желісі құрылысын қаржыландыруға қосымша қаражат тарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 тамыздағы N 781 қаулысы

Қолданыстағы

      "Алтынсарин-Хромтау" темір жол желісі құрылысын жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Алтынсарин-Хромтау" темір жол желісі құрылысын қаржыландыруға үлестік қатысу қағидаты бойынша шарттық негізде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының қосымша қаражатын тарту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің ұсынысы қабылдансын.

      2. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1237 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2001-2005 жылдарға арналған даму жоспарында:
      "3.4.3. Инвестициялаудың негізгі бағыттары" деген бөлімде:
      бірінші абзацта "1184,6" және "3636,2" деген сандар тиісінше "1208,94" және "3660" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2015 жылдарға дейінгі болашақты қамтыған 2001-2005 жылдарға арналған теміржол көлігінің инвестициялық бағдарламасы" деген кестеде:
      реттік нөмірі "2.2 Алтынсарин-Хромтау" деген жолдағы "13,2", "27,5" және "27,5" деген сандар тиісінше "37,54", "51,84" және "51,84" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Т.ж. саласы бойынша барлығы" деген жолдағы "239,4", "1184,5" және "3636,2" деген сандар тиісінше "263,74", "1208,84" және "3660,54" деген сандармен ауыстырылсын;
      "3.4.4.1. Техникалық даму" деген тармақшада:
      "Пайдалану шығындарын оңтайландыру есебінен Инвестициялық бағдарламаның экономикалық тиімділігі (млн. АҚШ доллары)" деген кестеде:
      "Инвестициялар" деген жолда "1184,5" және "3636,2" деген сандар тиісінше "1208,84" және "3660,54" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі