Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі N 768 қаулысы

Қолданыстағы

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесi берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген бөлiмнiң "Су көлiгi" деген кiшi бөлiмiнде:
      реттiк нөмірi 67а - жолда "Ақтау" деген сөзден кейiн "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі