"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 586-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Автомобильдерге май құю станцияларының және мұнай өнiмдерi базаларының қызметтер көрсетуi".