Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үлестiру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төраға;
Смағұлов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Молдрахманұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары, төрағаның
орынбасары;
Канешев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Бiржан Бисекенұлы және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы, төрағаның орынбасары;
Жандосов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша);
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi;
Нығматулин - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Нұрлан Зайроллаұлы коммуникациялар вице-министрi;
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi;
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенгали Шамғалиұлы Банкi Төрағасының орынбасары (келiсiм
бойынша);
Маханбетәжиев - Қазақстан Республикасының Экономика
Батыр Әпенұлы және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Ақпараттандыру және инновациялар
саласындағы шығыстарды жоспарлау
департаментiнiң директоры;
Баядiлов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхаметжанұлы Кеңесi Хатшылығының мемлекеттiк
инспекторы (келiсiм бойынша);
Шалахметов - "Қазақ ақпарат агенттiгi
Ғадiлбек Минажұлы (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы"
ашық акционерлiк қоғамының
президентi;
Кәрентаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Амангелдіұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым
бөлiмi өндiрiстiк инфрақұрылым
секторының меңгерушiсi, хатшы;
мына:
"Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Нәлiбаев - Қазақстан Республикасы
Әбдiқалық Зәкiрұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Есекеев - Қазақстан Республикасының Экономика
Қуанышбек Бақытбекұлы және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Ақпараттандыру саясаты және
инновациялар департаментінiң
директоры"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Ақпараттандыру саясаты және инновациялар департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Слободянюк - Қазақстан Республикасы Премьер-
Анатолий Ануфриевич Министрi Кеңсесiнің Бақылау және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары - ақпаратты
қорғау секторының меңгерушiсi, хатшы"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары - ақпаратты қорғау секторының меңгерушiсi, хатшы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Бисенбаев Асылбек Қынарұлы, Марченко Григорий Александрович, Нағманов Қажымұрат Ыбырайұлы, Нигай Эдуард Михайлович, Есенғараев Асқар Батылханұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Евсюков Александр Васильевич, Қыпшақбаеа Әбдел Исаұлы, Құрманғалиев Серiк Шолпанқұлұлы, Тiлешев Iзетәлi Шаймерденұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
2-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы он үшiншi және он төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық жүйелердi сүйемелдеуге, құруға және дамытуға, сондай-ақ есептеу техникасымен қамтамасыз етуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң шығыстарын жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарының сапалы және жан-жақты сараптамасын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
Республикалық бюджет комиссиясына ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу, құру және дамыту бағдарламаларын қаржыландыру көлемдерi бойынша түпкi шешiмдер қабылдау үшiн мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру саласында бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсыныстары бойынша ақпараттық-ұсынымдық сипаттағы қорытындыны ұсынады";
5-тармақтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі