Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 сәуiрдегi N 440 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 76 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 728 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1586 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1586 Қаулысымен.

      Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi үйлестiру кеңесiнің терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бөлiгiнде функцияларын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуiрдегi N 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 116-құжат):
      тақырыбы "қауiпсiздiктi" деген сөзден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      кiрiспеде "тиiмділiгiн арттыру" деген сөздерден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта "қауiпсiздiктi" деген сөзден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ережеде:
      тақырыбында және кiрiспеде "қауiпсiздiктi" деген сөзден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "қауіпсiздiктi" деген сөзден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қауiпсiздiгiн" деген сөзден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн "және терроризмдi болдырмау" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) көлiктегi қауiпсiздiк және терроризмге қарсы iс-қимыл жасау саласындағы ахуалды және проблемаларды талдау, оларды тиiмдi шешу жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесімдерінің, халықаралық шарттар мен келiсiмдердің негiзінде көлiкте террористiк актiлердi болдырмау және олардың алдын алу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      5) қару-жарақ, оқ-дәрi, радиоактивтi, жарылғыш, есiрткi және психотроптық заттарды, жалпы алғанда қауiптi жүктердi көліктің барлық түрлерiмен тасымалдау кезінде, оның iшінде олардың заңсыз жылжу жағдайлары бойынша заңнамамен қауiпсiздiктің талап етiлетін деңгейiн қамтамасыз ететiн құқықтық және экономикалық тетiктер бойынша ұсынымдарды әзiрлеу.";
      6-тармақта "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн "және терроризмнің алдын алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Yйлестiру кеңесiнiң қызметiн Yйлестiру кеңесiнің мәжілiстерiнде төрағалық ететiн, оның жұмыс жоспарын бекiтетiн және Yйлестiру кеңесi қызметiнің нәтижелеріне жауапты болатын оның төрағасы басқарады.
      Yйлестiру кеңесiнің жұмысы екi бағыт бойынша жүргiзiледi:
      1) көлiктегi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      2) көлiктегi терроризмге қарсы iс-қимыл жасау және оның алдын алу.
      Yйлестiру кеңесінің мәжiлiстерiне сұрақтар дайындау, жұмыс бағыттары бойынша ұйымдық мәселелердi шешу Үйлестiру кеңесінің жұмысына жауапты жұмыс органдарына, тиiсiнше: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне (келiсiм бойынша) жүктеледi.";
      12-тармақта "министрлiгi" деген сөзден кейiн "мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.";
      2) "Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 76 өкiмiне :
      тақырыбында және 1-тармақта "қауiпсiздiктi" деген сөзден кейiн "және терроризмге қарсы iс-қимыл жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      Yйлестiру кеңесiнің құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      "Нағманов             - Қазақстан Республикасының Көлiк
      Қажымұрат Ыбырайұлы     және коммуникациялар министрi,
                              төраға

      Дүтбаев               - Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Нартай Нұртайұлы        қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы,
                              төрағаның көлiктегi терроризмге
                              қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi
                              жөнiндегi орынбасары (келiсiм
                              бойынша)

      Ақшанов               - Қазақстан Республикасының
      Болат Қасымұлы          Кедендiк бақылау агенттiгi
                              төрағасының орынбасары

      Уажанов               - Қазақстан Республикасының
      Тұрсын Yшбайұлы         Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара
                              қызметi директорының орынбасары
                              (келiсiм бойынша);

      көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Жұмабаев Бейбiт Тейнелұлы, Несiпбаев Құрман Қасенұлы, Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы, Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы;
      3-тармақта:
      "жұмыс органы" деген сөздер "жұмыс органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "министрлiгi" деген сөзден кейiн "мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі