Ескерту. 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармақты және 8-тармақты қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: |
2) Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар;
3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн; |
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.
3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 4. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1184 Қаулысымен). 5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын. 6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн. 7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. |
8. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 1521 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 487-құжат), 1-1-тармағынан басқа, күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1184 Қаулысымен. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына , Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді . 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, N 35 көше, N 8 үй. 9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтайшы құжаты болып табылады. 11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары 13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 15. Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: 3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды. 17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынысты Агенттіктің жұмысына дербес жауап беретін Агенттік төрағасы жүзеге асырады, және алқалы басқару органы - басқарма. 18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Агенттік төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын Агенттік төрағасының орынбасары болады. 19. Агенттіктің алқалы басқару органы бес адамнан тұратын басқарма болып табылады. 20. Агенттік басқармасының құзыретіне мынадай мәселелер кіреді: 21. Агенттіктің төрағасы: 22. Агенттіктің жауапты хатшысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттіктің төрағасының қызметінен кетуі жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды. 24. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді. 25. Жауапты хатшының қызметін бақылауды Мемлекет басшысы не оның өкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады. 26. Агенттіктің Жауапты хатшысы: 27. Жауапты хатшы: 28. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. 29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Агенттіктің төрағасы бекітеді. 30. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері жауапты хатшы бекітетін Агенттік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді. 4. Агенттіктің мүлкі 31. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. 32. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 33. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату34. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ескерту. Тізбемен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.17 N 362 , 2008.11.21. N 1080 Қаулыларымен. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында). |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 724 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 39-жолда "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiгi спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ережеде:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы және 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген аталған Ережеге 3-қосымшада: "Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмнiң екiншi және үшiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 120, 136, 156, 160-2, 160-17-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 256-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 270, 271, 272, 273, 274, 275-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне
270 "Индустриялық парк" ЖАҚ
271 АЛА-002765 "Қазақтелеком" ААҚ
272 АЛА-003001 "Қазпочта" ААҚ
273 "Өнеркәсiпбайланыс" ЖАҚ
274 "Веснет" БК ЖАҚ
275 "Ұлттық ақпараттандыру технологиялары" ЖАҚ".
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.
5. "Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 485-құжат):
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 546-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағының жетiншi абзацы, 2-тармағы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.22 N 867 Қаулысымен. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi
|