Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 шілдедегі N 702 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi:
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiммен толықтырылсын:
      "3-1. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк азаматтарды есептiк тiркеу.
      17-1. Дiни-ағартушылық қызмет (бұдан әрi - миссионерлiк қызмет) арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және (немесе) таратумен айналысатын шетелдiк азаматтарды есептiк тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
      17-2. Есептiк тiркеу үшiн шетелдiк азаматтар төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жергiліктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi;
      2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн;
      3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн;
      4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруын;
      5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
      Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді.
      17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді құжат берілген күнінен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі