Әскери білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) "Екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі" мемлекеттік мекемесі "Екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты" мемлекеттік мекемесі;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жоғары әскери-теңіз училищесі" мемлекеттік мекемесі "Әскери-теңіз институты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі