"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 42-жолмен толықтырылсын:
"42. Қазақстан Республикасы археология және
Мәдениет, ақпарат және тарих пен мәдениет
қоғамдық келiсiм ескерткiштерiн қалпына келтiру
министрлiгiнiң Мәдениет жұмыстарын жүзеге асыру
кoмитeтi жөнiндегi қызмет
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 7 шiлдедегi
N 662 қаулысымен
бекітілген
Археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн
қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi
лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға қолданылады және:
1) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне қатысты археологиялық жұмыстар жүргiзуге құқық беретiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы далалық комитетінің ұсынымы;
2) ғылыми-өндiрiстiк (жөндеу-қалпына келтiру) базасы, мамандандырылған ғылыми-зерттеу зертханасын, жабдықтар;
3) мамандығы бойынша бiр жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжiрибесi бар ғылыми жетекшiлердiң бiлiктi құрамын (археология, тарих, сәулет);
4) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне қатысты археологиялық және қалпына келтiру жұмыстары бойынша жобалары;
5) жабдықтарды, құрылғылар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуын қамтиды.