"Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы авиакомпаниялар орындайтын авиациялық жұмыстардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2003 жылғы 3 шiлдедегі
N 645 қаулысымен
бекiтiлген
Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы авиакомпаниялар орындайтын авиациялық жұмыстардың тiзбесi
1. Авиациялық-химиялық жұмыстар.
2. Әуеде суретке түсiрудi орындау жөнiндегi ұшулар.
3. Орман шаруашылығына қызмет көрсету жөнiндегi ұшулар.
4. Құрылыс-монтаждау және тиеу-түсiру жұмыстарымен ұшулар.
5. Көлiктiк-байланыстық ұшулар.
6. Теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан ұшулар.
7. Халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзу жөнiндегi ұшулар.
8. Эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi ұшулар.
9. Дүлей зiлзала, авариялар мен апаттардың зардаптарын жою мақсатында орындалатын ұшулар.