Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 49, 491-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 31, 32-жолдарда "Жауапты орындаушылар (іске асырудың)" деген бағандағы "ҚОҚМ" деген сөз "АШМ" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі