Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 566 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсін:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі