Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 562 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті Кеңесіне Серік Жайлауұлы Пірәлиевті Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (ректоры) етіп тағайындау ұсынылсын.
      2. "Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына:
      Серік Жайлауұлы Пірәлиев енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Оразалы Сәбденұлы Сәбден шығарылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі