Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келісiм жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 553 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Шекара өкілдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа (келiсiм бойынша) келiссөздер жүргiзуге және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмдi жасасуға өкілеттiк берілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

   Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкіметi арасындағы Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы
КЕЛIСIМ

(2006 жылғы 29 наурызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
      тату көршiлiк қатынастарды дамытуға және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының (бұдан әрi - мемлекеттiк шекара) режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
      өздерiнiң мемлекеттерiнiң мемлекеттiк шекараларын күзету жөнiндегi шаралар қабылдауда тәуелсiз мемлекеттердiң ажырамас құқығын мойындай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара өкiлдерiнiң шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алуына, ал олар туындаған жағдайда - оларды шұғыл тергеудi және реттеудi қамтамасыз етуге қатысу қажеттiлiгiн атап өтiп,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекараның өту сызығын анықтайтын тиiстi шартқа қол қойғанға дейiн Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы мен Ресей Кеңестiк Федеративтiк Социалистiк Республикасы арасындағы әкiмшiлiк-аумақтық шекараны Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекара деп мойындай отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара өкiлдерi мен шекара өкiлдерiнiң орынбасарларын Тараптар немесе Тараптардың өзге де құзыреттi органдары тағайындайды. Тараптардың шекара өкiлдерi мен олардың орынбасарларының тағайындалғаны туралы олардың тегiн, атын және әкесiнiң атын, қызмет ету телiмдерiн және келу орындарын көрсете отырып, дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiне хабарлайды.
      Шекара өкiлдерiнiң орынбасарлары шекара өкiлдерiнiң мiндеттерiн орындаған кезде шекара өкiлдерi сияқты құқықтар мен мiндеттерге ие.

2-бап

      Шекара өкiлдерi өз мемлекеттерiнiң заңнамасына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi туралы хаттамамен (I-қосымша) анықталған Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы телiмдерi шеңберiнде осы Келiсiммен анықталатын өкiлеттiктерге сәйкес бiр-бiрiмен ынтымақтаса отырып, өз мiндеттерiн орындайды.
      Жазбаша өкiлеттiктердi (2-қосымша):
      Қазақстан Республикасының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары - Шекара қызметiнiң директоры;
      Ресей Федерациясының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Ресей Федерациясының Федералды шекара қызметiнiң директоры бередi.

3-бап

      Шекара өкiлдерiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн көмекшiлер, хатшылар, аудармашылар, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер тағайындалады, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылады.
      Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң жазбаша өкiлеттiктерiн, хатшылардың және аудармашылардың куәлiктерiн екi жаққа шекарадан бiр жолғы өтуге арналған куәлiктердi (3-5-қосымшалар) шекара өкiлдерi бередi.

4-бап

      Шекара өкiлдерi өз қызметi телiмдерiнiң шегiнде:
      шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды;
      Тараптар белгiлеген мемлекеттiк шекарадан өту ережесiнiң сақталуын бақылайды және белгiленген тәртiптi бұза отырып, одан өтудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, адамдарды шекара арқылы заңсыз өткiзумен, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, құндылықтар мен валюталардың, сондай-ақ радиоактивтi заттардың контрабандасымен айналысатын адамдарға қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды;
      құзыреттi органдармен бiрлесiп, заңсыз көшiп-қонушыларды депортациялауға (бepугe) қажеттi шараларды қабылдайды, соның ішiнде үшiншi елдерден, егер олардың шектес Тараптары мемлекетiнiң аумақтарынан шығуына дәлелдемелер бар болса;
      адамдардың мәйiттерiн тануға қатысады және қажет болған жағдайда оларды беру жөнiндегi шараларды қабылдайды;
      табиғатты мемлекеттiк басқару мен қорғау уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк шекарадағы шаруашылық жұмыстар мен өзге де қызметтiң өткiзiлуiн, сондай-ақ шекаралық суаттардағы суды пайдалануды тиiстi түрде бақылауды қамтамасыз етедi;
      мемлекеттiк шекара арқылы өрттердiң, жұқпалы аурулардың, індеттердің және ауыл шаруашылығы зиянкестерiнiң таралу қаупi туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды;
      мемлекеттiк шекара режимiн сақтауға байланысты басқа да мәселелердi шешедi.

5-бап

      1. Шекара өкiлдерi бiрлескен жұмысты, әдетте, мәжiлiстерде немесе кездесулерде жүргiзедi. Шекара өкiлдерiнiң арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң кездесулерi өткiзiлуi мүмкiн.
      2. Шекара өкiлдерiнiң мәжiлiстерi немесе кездесулерi олардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша өткiзiледi. Ұсыныста мәжiлiстiң немесе кездесудiң күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, мәжiлiстiң немесе кездесудiң өткiзiлетiн орны мен уақыты көрсетiлуi тиiс.
      Жекелеген жағдайларда мәжiлiстер немесе кездесулерде шекара өкiлдерi арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкін.
      Мәжiлiстiң немесе кездесудiң өткiзiлуi туралы ұсыныстарға шекара өкiлдерi мүмкiндiгiнше қысқа мерзiм iшiнде, бiрақ осындай ұсынысты қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер алған сәттен бастап 48 сағаттан кешiктiрмей беруi тиiс. Бұл ретте талқылауға қосымша мәселелер, сондай-ақ мәжiлiстi немесе кездесудi өткiзетiн өзге уақыт пен орын ұсынылуы мүмкін.
      3. Шекара өкiлi ұсынған мәжiлiске немесе кездесуге шектес мемлекеттiң шекара өкiлiнiң өзi келуi тиiс. Егер бұл мүмкiн болмағанда, онда мәжiлiске немесе кездесуге оның орынбасары келедi, ол туралы мәжiлiс немесе кездесу басталғанға дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей кездесудi ұсынған шекара өкiлiн хабардар етедi.
      4. Шекара өкiлдерiнiң мәжiлiстерiне немесе кездесулерiне олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәлер, жәбiрленушiлер және өзге де адамдар) қатыса алады.
      Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң кездесулерiне хатшылар мен аудармашылар, ал қажет болған кезде сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
      5. Жеке кездесулердi талап етпейтiн мәселелер хат алмасу немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану жолымен шешiлуi мүмкiн.
      6. Шекара өкiлдерi өзара уағдаластық бойынша мәжiлiстерде немесе кездесулерде қабылданған шешiмдердi орындау жөнiнде қабылданатын шаралар туралы бiр-бiрiне хабарлайды.

6-бап

      Шекара өкiлдерiнiң және олардың орынбасарларының жоспарлы мәжiлiстерi немесе кездесулерi, әдетте, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтарында кезекпен, ал жоспардан тыс болатындары оларды өткiзудi ұсынған Тарап мемлекетiнiң аумағында өткiзiледi.
      Шекара өкiлдерiнiң көмекшiлерi бiрлескен жұмысты шекара өкiлдерiнiң тапсырмасы бойынша әдетте кездесулер кезiнде жүргiзедi. Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң қабылдаған шешiмдерi оларды шекара өкiлдерi бекiткеннен кейiн күшiне енедi. Шекара өкiлдерiнiң көмекшiлерi келiсе алмаған мәселелер тиiстi шекара өкiлдерiнiң қарауына берiледi.

7-бап

      Шекара өкiлдерi мәжiлiстерiнiң немесе кездесулерiнiң қорытындылары бойынша бiрлескен хаттама жасалады, онда: мәжiлiстiң немесе кездесудiң күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, мәжiлiстiң немесе кездесудiң жалпы барысы, қабылданған шешiмдер мен оларды орындау мерзiмдерi көрсетiледi.
      Мәжiлiстiң немесе кездесудiң хаттамасы екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, шекара өкiлдерiнiң немесе оларды алмастыратын адамдардың қолдарымен және елтаңбалық мөрлермен бекiтiледi.

8-бап

      1. Шекара өкiлдерi өзара келiсiм бойынша мемлекеттiк шекарада кездесу бекеттерiн, сондай-ақ қызметтiк хат-xaбap алмасу бекеттерi және техникалық байланыс құралдарын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi. Қызметтiк хат-хабар қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттi шекара өкiлдерi қызметтiк хат-хабарды мемлекеттiк шекарада қабылдау мен берудi тәулiк бойы жүзеге асырады.
      2. Шекара өкiлдерi ұсталған адамдарды, сондай-ақ үй жануарларын, мүлiктер мен адамдардың мәйiттерiн берудi Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес ұйымдастырады. Осындай рәсiмдердiң уақыты мен тәртiбiн шекара өкiлдерi жеке белгiлейдi.
      3. Шекара өкiлдерi өзара уағдаластық бойынша адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру кезiнде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа да iс-қимыл жасау кезiнде ресiмделетiн актiлердiң, қолжазбалардың және басқа да құжаттардың үлгiлерiн белгiлейдi.
      Адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн берудi шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары және көмекшiлер жүзеге асырады.

9-бап

      1. Шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары мен сарапшылары осы Келiсiмге сәйкес өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн осы үшiн белгiленген бекеттерде немесе келiсiлген жерлерде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      2. Шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi жазбаша өкiлеттiктер (2, 3-қосымшалар) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      3. Хатшылар мен аудармашылар куәлiктер (4-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      4. Сарапшылар және бiрлесiп жұмыс жасау үшiн тартылған басқа да адамдар екi жаққа шекарадан бiр жолғы өтуге арналған куәлiк (5-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
      5. Шекара өкiлдерi орынбасарларының және көмекшiлерiнiң өкiлеттiктерiне, хатшылардың, аудармашылардың, сарапшылардың және бiрлескен жұмыс үшiн тартылатын басқа да адамдардың куәлiктерiне қол қою мәжiлiстер мен кездесулердегi шекара өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      6. Шекарадан өтуге құқық беретiн құжаттарды жоғалтқан жағдайда, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес олардың иелерi бұл туралы шұғыл түрде өз мемлекетiнiң шекара өкiлiне хабарлауы тиiс, ол шектес мемлекеттiң шекара өкiлiн болған жағдай туралы хабардар етедi.

10-бап

      1. Шекара өкiлдерiне, олардың орынбасарларына, көмекшiлерiне, хатшыларға, аудармашылар мен сарапшыларға осы Келiсiмге сәйкес басқа Тарап мемлекетiнiң аумағындағы мiндеттердi орындап жүрген кезде жеке басының қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарға және мүлiкке қол сұғылмайтындығына кепiлдiк берiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген лауазымды тұлғалар белгiленген нысандағы киiмдi киіп бажсыз және салық пен алымдар салынбайтын жеке пайдалану үшiн қажеттi заттар, азық-түлiк тағамдар, темекi бұйымдары және дәрi-дәрмектер өзiнде бола және басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына алып жүре алады.
      2. Әр Тарап осы Келiсiмдi өз аумағында орындауға байланысты шығыстарды көтередi, әрi мәжiлiстердi немесе кездесулердi өткiзуге жұмсалатын шығыстарды оларды аумағында өткiзетiн Тарап көтередi.

11-бап

      Шекара өкiлдерi мынадай ақпараттармен алмасады:
      мемлекеттiк шекарадан заңсыз өту фактiлерi туралы;
      шекара арқылы адамдарды заңсыз тасымалдаумен, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және радиоактивтi заттардың, құндылықтар мен валюталардың контрабандасымен айналысатын адамдардың қызметi туралы;
      мемлекеттiк шекараның маңында адамдардың немесе жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының туындауы туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерiнiң жаппай таралуы, өрттер мен су тасқындары туралы;
      әрбiр Тарап мемлекетiнiң қауiпсiздiгiне және мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн ықтимал iс-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөнiндегi қабылданған шаралар туралы;
      мемлекеттiк шекара режимiн қамтамасыз етуге ықпалын тигiзетiн басқа да мәселелер бойынша.

12-бап

      Шекара өкiлi шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөнiндегi ынтымақтастықты жүзеге aсырады, шекаралық қақтығыстарға тepгeу жүргiзедi және оларды шешедi, соның iшiнде:
      мемлекеттiк шекара арқылы адамдарға және аумақтарға қарай атыс жүргiзу, соның iшiнде адамдардың қаза болуына немесе жарақат алуына, мүлiктердiң бүлiнуiне және басқа да ауыр салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар;
      адамдардың, көлiк құралдарының мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өтуi;
      мемлекеттiк шекараны жүзу құралдарымен және ұшу аппараттарымен бұзуы;
      мемлекеттiк шекара арқылы контрабандаларды өткiзу;
      Тараптардың шекара қызметтерiнiң лауазымды тұлғалары қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк шекарадан абайсыз өтуi;
      екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында табиғат апатына немесе өзге де жағдайларға орай пайда болған мүлiктердi табу;
      шекара белгiлерiн және басқа да шекара ғимараттарын өз бетiмен немесе кездейсоқ жылжыту, бүлдiру немесе қирату;
      үй жануарларының мемлекеттiк шекара арқылы өтуi;
      мемлекеттiк шекара арқылы өрттiң тарауы;
      Тараптар мемлекеттерiнiң мүддесiне нұқсан келтiретiн, бiрақ дипломатиялық арналар бойынша шешудi талап етпейтiн мемлекеттiк шекара режимiн өзге де бұзушылар.

13-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 12-бабында көрсетiлген шекаралық қақтығыстардың мән-жайын анықтауды келiсiлген тәртiппен шекара Өкiлдерi жүргiзедi. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексеру шекаралық қақтығыс болған мемлекеттiң аумағында шекара өкiлiнiң басшылығымен жүзеге асырылады.
      2. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексерудiң нәтижелерi жөнiнде акт, ал қажет болған кезде мәжiлiстiң хаттамасына қосымшалар ретiнде қоса берілетiн басқа да құжаттар жасалады.
      3. Шекара өкiлдерi, осы Келiсiммен оларға берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған үй жануарларын, мүлiктердi қайтару мәселелерiн шешедi.
      4. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексеру құқық қорғау органдарының құзыретiне кiретiн iс-әрекеттерiнiң орнын ауыстыра алмайды.
      5. Шекара өкiлдерi келiсiмге келе алмаған шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.

14-бап

      1-5-қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.

15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану жөнiндегi даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.

16-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жекелеген Хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын басқа да қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

17-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды және Тараптардың бiрi дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы хабарлаған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданылады.
      200_ жылғы "___" ________ ___________ әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
         Yкiметi үшiн                      Yкiметі үшiн

Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Ресей Федерациясының Үкiметi  
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң   
қызметi туралы келiсiмге     
1-қосымша            

Шекара өкiлдерiнің қызмет ету телiмдерi туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң 2-бабына сәйкес, Тараптар мыналар туралы келiстi:
      Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi былайша белгiленедi:
      Қазақстан Республикасы тарапынан:

      Атырау телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Атырау қаласы) - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегiмен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Каспий теңiзiндегi аумақтық теңiзiн шектеудiң қиылысу сызығының нүктесiнен Каспий теңiзiндегi мемлекеттiк шекараның құрғақ телiмiнiң басталу нүктесiне дейiн, әрi қарай Атырау облысының, Орал облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Орал телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Орал қаласы) - Атырау облысының, Орал облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орал облысының, Ақтөбе облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Peceй мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Ақтөбе телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Ақтөбе қаласы) - Орал облысының, Ақтөбе облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Ақтөбе облысының, Қостанай облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Қостанай телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Қостанай қаласы) - Ақтөбе облысының, Қостанай облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қостанай облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Петропавл телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Петропавл (қаласы) - Қостанай облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Солтүстiк Қазақстан облысының, Павлодар облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Павлодар телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Павлодар қаласы) - Солтүстiк Қазақстан облысының, Павлодар облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Павлодар облысының, Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесіне дейiн;

      Шығыс телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Өскемен қаласы) - Павлодар облысының, Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн.

      Ресей Федерациясы тарапынан:

      Астрахан телiмi бойынша шекара өкiлі үшiн (келу орны - Астрахан қаласы) - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегiмен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Каспий теңiзiндегi аумақтық теңiзiн шектеудiң қиылысу сызығының нүктесiнен Каспий теңiзiндегi мемлекеттiк шекараның құрғақ телiмiнiң басталу нүктесiне дейiн, әрi қарай Астрахан облысының, Волгоград облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйісу нүктесіне дейін;

      Волгоград телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Волжский қаласы) - Астрахан облысының, Волгоград облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Волгоград облысының, Саратов облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Саратов телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Саратов қаласы) - Волгоград облысының, Саратов облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Самара облысы Большеречен ауданының, Орынбор облысы Первомайск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Бузулук телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Бузулук қаласы) - Самара облысы Большеречен ауданының, Орынбор облысы Первомайск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Илецк ауданының, Орынбор облысының Соль-Илецк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Орынбор телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Орынбор қаласы) - Орынбор облысы Илецк ауданының, Орынбор облысы Соль-Илецк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Гайск ауданының, Орынбор облысы Новотроицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Орск телiмi бойынша шекаралық өкiл үшiн (келу орны - Орск қаласы) - Орынбор облысы Гайск ауданының, Орынбор облысы Новотроицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Кваренск ауданының, Челябинск облысы Бреденск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Магнитогорск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Магнитогорск қаласы) - Орынбор облысы Кваренск ауданының, Челябинск облысы Бреденск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Челябинск облысы Варненск ауданының, Челябинск облысы Троицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Челябинск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Троицк қаласы) - Челябинск облысы Варненск ауданының, Челябинск облысы Троицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Челябинск облысының, Курган облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Курган телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Курган қаласы) - Челябинск облысының, Курган облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Курган облысының, Тюмен облысы Бердюжинск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Тюмен телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Ишим қаласы) - Курган облысының, Тюмен облысы Бердюжинск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Тюмен облысы Сладковск ауданының, Омбы облысы Называевск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Исилькульск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Исилькульск қаласы) - Тюмен облысы Сладковск ауданының, Омбы облысы Называевск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Омбы облысы Полтавск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесіне дейiн;

      Омбы телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Омбы қаласы) - Омбы облысы Полтавск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Омбы облысының, Новосибирск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйісу нүктесiне дейiн;

      Новосибирск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Купино қаласы) - Омбы облысының, Новосибирск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Новосибирск облысының, Алтай өлкесiнiң әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Барнаул телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Барнаул қаласы) - Новосибирск облысының Алтай өлкесiнiң әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Алтай өлкесiнiң, Алтай Республикасының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Peceй мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;

      Таулы-Алтай телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Акташ поселкесi) - Алтай өлкесiнiң, Алтай Республикасының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы мемлекeттік шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн.

Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Ресей Федерациясының Үкiметi  
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң   
қызметi туралы келiсiмге     
2-қосымша            

Шекара өкілінің (шекара өкілі
орынбасарының)
ӨКІЛЕТТІГІ

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - ӨКIЛЕТТIК
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4 бет - 200_ жылғы "___" ____________________ Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
__________________________________________________________________
                 (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Қазақстан-Ресей шекарасының ________________________ бойынша
                                      (телiмнiң атауы)

______________________ шекара өкiлi (шекаралық өкiлiнiң орынбасары)
(мемлекеттiң атауы)

болып тағайындалды.
__________________________________________________________________
                       (атағы, тегі)

жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн
уәкiлеттенедi және осыған байланысты Қазақстан-Ресей шекарасынан
өтуге және ______________________________________________________
                        (мемлекеттiң атауы)

шекара жолағында болуға құқығы бар.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
    (өкiлеттiкке қол қоюға құқығы бар адам лауазымының атауы)
      ____________________________________________________________
                        (атағы, тегi, қолы)

      Мөр орны
      200_ жылғы "____" __________
      5-бет - 4 беттiң мәтiнi ______________ тілінде
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Ресей Федерациясының Үкiметi  
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң   
қызметi туралы келiсiмге     
3-қосымша            

Шекара өкілі көмекшісінде
ӨКIЛЕТТІГI

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - ӨКIЛЕТТIК
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4 бет - 200_ жылғы "___" ____________________ Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
__________________________________________________________________
                 (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Қазақстан-Ресей шекарасының ________________________ бойынша
                                      (телiмнiң атауы)

_____________________ шекара өкiлінің көмекшісі болып тағайындалды.
(мемлекеттiң атауы)

__________________________________________________________________
                       (атағы, тегі)

жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн
уәкiлеттенедi және осыған байланысты Қазақстан-Ресей шекарасынан
өтуге және ______________________________________________________
                        (мемлекеттiң атауы)

шекара жолағында болуға құқығы бар.

Шекара өкілі

__________________________________________________________________
                    (мемлекеттің атауы)
__________________________________________________________________
                     (атағы, тегi, қолы)

      Мөр орны
      200_ жылғы "____" __________
      5-бет - 4 беттiң мәтiнi ______________ тілінде
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Ресей Федерациясының Үкiметi  
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң   
қызметi туралы келiсiмге     
4-қосымша            

Хатшының және аудармашының куәлігі

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - КУӘЛІК
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4 бет - 200_ жылғы "___" ____________________ Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
__________________________________________________________________
                 (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Қазақстан-Ресей шекарасының ________________________ бойынша
                                      (телiмнiң атауы)

_____________________ шекара өкiлінің ___________________________
(мемлекеттiң атауы)                           (лауазымы)
болып тағайындалды және Қазақстан-Ресей шекарасынан өтуге және
__________________________________________________________________
                      (мемлекеттiң атауы)

шекара жолағында болуға құқығы бар.

Шекара өкілі

__________________________________________________________________
                    (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
                     (атағы, тегi, қолы)

      Мөр орны
      200_ жылғы "____" __________
      5-бет - 4 беттiң мәтiнi ______________ тілінде
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Yкiметi 
мен Ресей Федерациясының Үкiметi  
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң   
қызметi туралы келiсiмге     
5-қосымша            

Екі жаққа шекарадан бір жолғы
өтуге арналған куәлік

      1-бет - Қазақстан-Ресей шекарасынан бiр жолғы өтуге арналған
КУӘЛIК
      2-бет - 200__ жылғы "__" __________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
___________________________________________________________________
               (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
      Қазақстан-Ресей шекарасының екi жағына да өтуге немесе
____________________ шекара жолағында болуға құқығы бар.
(мемлекеттiң атауы)

      Иесiнiң жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде
жарамды.

      200__ жылғы "___"____________ бастап
      200__ жылғы "___"____________ жарамды.

Шекара өкілі

__________________________________________________________________
                    (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
                     (атағы, тегi, қолы)

      Мөр орны
      200_ жылғы "____" __________
      3-бет - 2 беттiң мәтiнi ______________ тілінде
      4-бет -