"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 550 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N 181   қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк
кәсiпорын туралы" заң күшi бар Жарлығына
толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советiнің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсін:
      18-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау аумағында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi