2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшін қарыз беруші банкті белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 545 қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына  сәйкес 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру үшін "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы қарыз беруші банк болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру үшін тиісті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі