Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру epeжeciн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 530 қаулысы

Қолданыстағы

      "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тiркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің   
2003 жылғы 4 маусымдағы        
N 530 қаулысымен          
бекітілген          

Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесi

      Осы Ереже "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аэротүсiрiлім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеу, есепке алу мен оларға рұқсаттар беру тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Жалпымемлекеттiк, салааралық, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеудi, есепке алу мен оларға рұқсат берудi (бұдан әрi - аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстар) геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      2. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудегi мүдделi геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру туралы өтiнiммен уәкiлеттi органға жүгiнедi.
      3. Өтінімге:
      1) топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi жүргiзуге арналған лицензияның заңнамада белгіленген тәртiппен расталған көшiрмесi;
      2) аэротүсiрiлім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу жоспарланып отырған аумақтың сызбасы (картограммасы) географиялық координаттарын көрсете отырып, екi данада;
      3) жоспарланған аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың техникалық жобалары екi данада қоса берiледi.
      4. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге арналған өтiнiмдердi тiркеудi уәкiлеттi орган өтiнiмдердi есепке алу журналында жүргiзедi.

2. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру

      5. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарын жүргiзуге арналған өтiнiмдi жұмыстар жүргiзiлiп жатқан аумақтың сызбасымен (картограммасымен) бiрге өтiнiмдi енгiзген күннен бастап үш күннiң iшiнде уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiмен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне және олардың құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi.
      6. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және өзге де мемлекеттiк органдардың қорытындыларын алғаннан кейiн он бес күн iшiнде қабылдайды.
      7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және өзге де мемлекеттік органдардың қорытындыларын ескере отырып, уәкiлеттi орган өтінімнің және оған қоса берiлген материалдардың сараптамасын жүргiзедi.
      8. Уәкiлеттi орган жүргiзетiн сараптама өзiне:
      1) өтiнiм берiлген жұмыстардың бұрын жүргiзiлген жұмыстарды қайталауын анықтауды;
      2) техникалық жобалардың геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы техникалық талаптарға және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкестiгiн белгiлеудi;
      3) техникалық жобалардың аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың ұйымдастырылу және орындалу тәртiбiне сәйкестiгiн белгiлеудi қамтиды.
      9. Егер сараптаманың нәтижелерi бойынша өтiнiм берiлген жұмыстардың бұрынғы жүргізілген жұмыстарды қайталауы анықталған жағдайда геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың тапсырыс берушiлерi және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерi бұрын құрастырылған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректердi пайдалана алады.
      10. Егер сараптаманың нәтижелерi бойынша тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын өтінім берiлген жұмыстардың бұрын жүргiзiлген жұмыстарды қайталауы анықталған жағдайда мұндай жұмыстардың тапсырыс берушiлерi және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлері бұрын құрастырылған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректердi пайдаланады.
      11. Егер сараптаманың нәтижелерi бойынша техникалық жобалардың геодезия және картография саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына және техникалық талаптарға, сондай-ақ аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың және орындаудың тәртiбiне сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өтінім барлық материалдармен бiрге анықталған сәйкессiздiктердi жою үшiн өтінім берушіге қайтарылады.
      12. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi және өзге де мемлекеттiк органдар өтінім бойынша терiс қорытынды берген жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiм берiлген жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды және өтiнiмдi барлық материалдармен бiрге уәждi шешiмдi қоса бере отырып, өтінім берушiге қайтарады.
      13. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат осы Ережеге қосымшада белгiленген нысанға сәйкес жасалады және уәкілеттi орган бекiтедi.
      14. Аэротүсiрiлім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсат мемлекеттік және орыс тілдерiнде екi данада жасалады.
      15. Уәкiлеттi орган аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсаттың бекiтiлуi туралы рұқсатты бекiткен күннен бастап екі күн iшiнде өтінім берген геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiсiне хабарлайды.
      16. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттың бiр данасын жоспарланатын жұмысқа техникалық жобамен және сызбамен (картограммамен) бiрге өтiнiш берген геодезиялық және картографиялық субъект уәкiлеттi органнан алады, рұқсаттың екiншi данасы уәкiлеттi органда қалады.
      17. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi өздерi жасаған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшiрмелерiнiң бір данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына авторлық құқықтарын сақтай отырып, тегiн бередi.

3. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттарды тіркеу

      18. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге берiлген рұқсаттарды тiркеудi уәкiлеттi орган нысанын уәкiлеттi орган бекiтетiн берiлген рұқсаттарды тiркеу журналында жүзеге асырады.
      19. Берiлген рұқсаттарды тiркеу журналы мынадай деректердi:
      1) рұқсаттың берiлген күнiн және тiркеу нөмiрiн;
      2) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiсiнiң атауын;
      3) жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берiлген аумақтың географиялық координаттарын көрсете отырып, рұқсат берiлген аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың түрi мен мақсатын;
      4) жұмыстың көлемiн;
      5) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн қамтуы тиiс.

4. Аэротүсiрілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттарды есепке алу

      20. Берiлген рұқсаттарды есепке алуды уәкiлеттi орган нысанын уәкiлеттi орган бекiтетiн берiлген рұқсаттарды есепке алу журналында жүзеге асырады.
      21. Берiлген рұқсаттарды есепке алу журналында хронологиялық тәртіппен әрбiр берiлген рұқсаттың берiлген күнi және тiркеу нөмiрi туралы деректер енгiзіледi.

5. Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi қаржыландыру

      22. Мемлекеттiк мақсаттағы аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

Аэротүсiрiлiм, геодезия және картографиялық
жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу 
және оларға рұқсаттар беру ережесіне   
қосымша                

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi

Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге 20 ___ жылғы "____"__________N ____________РҰҚСАТ

Субъектiнiң атауы ________________________________________________
                       (заңды мекен-жайы, телефон, факс)

Жұмыстардың түрi және мақсаты ____________________________________

__________________________________________________________________

Жұмыс телiмiнiң орналасқан жерi __________________________________

__________________________________________________________________

Өндiрiске өтiнiм берiлгенi, мынадай жұмыстарға рұқсат берiлдi:
__________________________________________________________________
Р/с  Сұрау салынған          Өтiнiм берiлдi     Рұқсат бepiлдi
N  жұмыстардың аталуы  ___________________________________________
                      Өлшем бiрлiгi Жұмыстардың Өлшем  Жұмыстардың
                                     көлемi     бiрлiгi   көлемi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

                  Осы уақытқа дейiн жарамды: 20___жылғы "___"_____

Геодезия және картография жөнiндегi    
уәкiлеттi органның мөрi және басшысының қолы

М.О.                                 _____________________

                                     20 __жылғы "___"_____