Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 517 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын , "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 12-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі