Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Смайылов - Қазақстан Республикасының
Әлихан Асханұлы Сыртқы iстер вице-министрi
Белоног
Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау вице-министрi -
Қазақстан Республикасының бас
мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi;
көрсетiлген құрамнан Зверьков Вадим Павлович шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі