Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.25 N 1316 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекетті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекетті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төрағаның орынбасары;
Сисенбаев Тағыр Мұсаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
мынадай:
"Қосмұхаметова - Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жәннат Оразымбетқызы Есірткіні бақылау және
қылмыстың алдын алу
жөніндегі басқармасының
Қазақстан бойынша
бағдарламаларды ұлттық
үйлестіруші (келісім
бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосмұхаметова - Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жәннат Оразымбетқызы Есірткі және қылмыстар
жөніндегі басқармасының
Қазақстан бойынша
бағдарламаларды ұлттық
үйлестіруші (келісім
бойынша)";
көрсетілген Комиссияның құрамынан: Ким Георгий Владимирович, Жәмішев Болат Бидахметұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі