1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Pecпубликасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тізбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-66-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-66. "Медициналық қызметтiң сапасын
талдау және бағалау ұлттық орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы";
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N
1117
қаулысымен.