Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 458 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың төртiншi абзацында:
      "және" деген шылау алынып тасталсын;
      "қадағалау" деген сөзден кейiн "және мемэнергияқадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      тақырыбы "органдарының" деген сөзден кейiн, ", сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы IV бөлiммен толықтырылсын:
            "IV. Мемэнергияқадағалау органдарының
            қорытындысы қажет лицензияланатын
      жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерiнің тiзбесi

      1. Электр энергиясын өндiру, беру және тарату.
      2. Жылу энергиясын өндiру, беру және тарату.
      3. Электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларды пайдалану.
      4. Энергетикалық жабдықты жөндеу.
      5. Электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды жобалау.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі