"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамды құруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң рұқсатын алуды;
      2) Қоғамның жарғылық капиталын 2003 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қалыптастыруды;
      3) Қоғамның Жарғысын бекiтудi және оның әділет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн;
      4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің        
2003 жылғы 12 мамырдағы 
N 442 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне
енгiзілетiн толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-84-жолмен толықтырылсын:
      "123-84 "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 236-16-жолмен толықтырылсын:
      "236-16. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ".

      3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
      2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 45-жолмен толықтырылсын:
      "45. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %".

      4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесінде:
      "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-жолмен толықтырылсын:
      "13. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ".