Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 410 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 303-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ережеде:
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.";
      5-тармақтың бiрiншi абзацы "және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі