Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын коммуналдық меншiкке беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 394 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Ақсеңгiр" тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "(B.P. Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк ғылыми-зерттеу институтының "Қапал" тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - Алматы облысының коммуналдық меншiгiне;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Задария" мемлекеттiк мал тұқымын асылдандыру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Комсомол" тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қызылқұм тәжiрибе шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.

      3. Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.

      4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 44-53, 44-62, 44-66, 44-71, 44-72-жолдар алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі