Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдерді қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 376 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157 , 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының  17-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157 , 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 21 сәуірдегі 
N 376 қаулысымен    
бекітілген       

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесi

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157 , 2003.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

  1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына  сәйкес әзiрлендi және табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның немесе белгіленген құзыретi шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу тәртiбiн белгілейді.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157  қаулысымен.

      2. Жария тыңдаулар өткiзудiң мақсаты - табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң тұтынушылар мен уәкiлеттi орган үшiн ашықтығын қамтамасыз ету жолымен тариф саясаты саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту болып табылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Жария тыңдаулар - табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шектi деңгейiнiң жобасын депутаттарды, мемлекеттiк органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өкiлдерiн шақыра отырып, талқылау рәсiмi.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де айқындамалар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамада белгiленген мағынада қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157 , 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      4. Жария тыңдаулар өткiзудiң қағидаттары:
      1) жариялылық;
      2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.  N 215  қаулысымен.

      5.  (Алынып тасталды -   2005.02.22.  N 157  қаулысымен)

      6.  (Алынып тасталды -   2005.02.22.  N 157  қаулысымен)

      7. Алда тұрған жария тыңдаулар туралы хабарландыру оны өткiзерден он бес күн бұрын уәкiлеттi орган арқылы мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс және мынадай мәлiметтердi:
      1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауын және орналасқан жерiн;
      2) тыңдауларды өткiзудiң күнi мен орнын;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң атауын және өтiнiм берiлген  реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге қатысты көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн қамтуға тиіс.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157 , 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      8. Жария тыңдаулар:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейiн отыз күннен кешiктiрмей;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейiн он бес күннен кешiктiрмей өткiзiледi.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157 , өзгерту енгізілді - 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

         8-1. Жария тыңдауларды өткiзгенге дейiн уәкiлеттi орган табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау жөнiндегі шешiм жобасын дайындайды.
       Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157  қаулысымен.

         8-2. Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдауларды өткiзу күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
      реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
      экономикалық жағынан негiзделген есептемелерi бар реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн арттыру себептерi туралы ақпаратты ұсынады.
       Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.30.  N 215  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.       
 

  2. Жария тыңдаулар өткiзудiң тәртiбi

      9. Тыңдаулар уәкiлеттi орган белгiлеген үй-жайда өткiзiледi.

      10. Жария тыңдаулар өткiзу үшiн уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрi - төраға) тағайындалады. Төраға уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргiзетiн хатшыны тағайындайды.

      11. Төраға әрбiр жария тыңдауларға регламент белгiлейдi.

      12. Төраға тыңдауларды белгiленген уақытта ашуға, олардың мақсаты мен күн тәртiбiн хабарлауға тиiс. Төраға қатысушыларды тыңдаулар өткiзудiң регламентiмен, табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметiне (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi жөнiндегi өтiнiммен және шешiм жобасымен таныстырады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157  қаулысымен.

      13. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң сөзінде олар көрсететiн реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ұсынылған деңгейiне немесе оның шекте деңгейіне егжей-тегжейлi түсiндiрме мен негiздеме бepугe тиiс.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157  қаулысымен.

       13-1.  Алынып тасталды - 2006.03.30.  N 215  қаулысымен.

      14. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлегендерге сұрақтар қоюға, қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарасын бiлдiруге, тыңдаулардың регламентiн бұзған тыңдауларға қатысушының сөзiн, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөздi үзе алады.
      Төраға жария тыңдаулар өтiп жатқан уақытта тәртіптi бұзған адамға ескерту жасайды. Тәртiптi қайталап бұзған жағдай тыңдауларға қатысушы адам үй-жайдан шығарылуы мүмкiн.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157  қаулысымен.

      15. Жария тыңдаулардың қатысушылары қаралып отырған мәселелер бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiруге, сөз сөйлеушiлерге сұрақтар қоюға, өз сөзiнде көмекшi материалдарды (плакаттарды, кестелердi және т.б.) пайдалануға және жария тыңдаулардың хаттамасына жазбаша сөздерiн қоса тіркей алады.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.22.  N 157  қаулысымен.

      16. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады.

      17. Жария тыңдаулар қатысушыларының білдiрген пiкiрi ұсынымдық сипатқа ие және назарға алынады.

      18. Жария тыңдаулар жүргiзу барысында хаттама жүргiзiледi.
      Хаттама осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген ақпаратты, сондай-ақ жария тыңдаулардың басталу және аяқталу уақыты туралы мәлiметтердi, тыңдауларда сөз сөйлейтiндердiң аты-жөнi мен сөйленген сөздер мәнiнiң қысқаша мазмұнын және нәтижелерiн қамтуға тиiс. Барлық хаттамалар нөмiрленедi және жеке папкаға тiгiледi.

      19. Жария тыңдаулардың хаттамасы тыңдаулар өткен күннен бастап жария тыңдауларды өткiзген уәкілеттi органның мұрағатында үш жыл бойы сақталуға тиiс.

  3. Қорытынды ережелер

      20. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер жария тыңдауларда табиғи монополия субъектiсiнiң келiсiмiнсiз жария етуге жатпайды.