Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 367 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының " Стандарттау туралы " және " Сертификаттау туралы " Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы N 410 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 18, 215-құжат);
      2) "Стандарттау және сертификаттау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегі N 1259 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 30, 377-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі