Қазақстан Реслубликасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 және 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі N 358 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы Уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 қаулысына  (Қазақстан Республикасы ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 11, 105-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткiзу тәртiбi туралы Уақытша ережеде:
      4-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақтағы "кемiнде 18 жастағы" деген сөздер "қажеттi техникасы мен жабдығы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
      8-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Ауызша саудаласу аудандарда жергілікті тұтынушылар үшiн өткiзiледi." деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтағы "орман шаруашылығы" деген сөздер "орман иесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Өсiп тұрған сүректiң бастапқы бағасы өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген өсiп тұрған күйiнде босатылатын сүрек үшiн төлемнiң қолданыстағы базалық ставкаларын және сауда шығындарын қамтиды.";
      16-тармақтағы "Сүректi сатушы" деген сөздер "Сауда комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақта:
      "басып шығарады және сатады" деген сөздер "бередi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сатылады" деген сөздер "берiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Көрермендер саудаласуға (аукционға) көрерменнiң арнаулы билетi бойынша жiберiледi. Қатысушылар және көрермендер билетiнiң бағасын Сауда комиссиясы белгiлейдi." деген сөздер алынып тасталсын;
      35-тармақта "орман шаруашылықтары" деген сөздер "орман иелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Сүректi саудаласуда сатудан алынған толық құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiкті бюджеттiң кiрiсiне аударылады.";
      45-тармақтың екiншi абзацында "республикалық" деген сөз "жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      46-тармақ алынып тасталсын;
      48-тармақтың а) тармақшасында "Сатуға ұсынылған сауда бiрлiгiнде сүректiң бастапқы құнын өзгерiстерi мен толықтыруларын ескере отырып "Өсiп тұрған сүректi босату таксасының" қолданылып жүрген N 07-01-05 прейскурантына сәйкес анықтауға" деген сөздер "Сатуға ұсынылған сауда бiрлiгiнде сүректiң алдын ала бастапқы бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң қолданыстағы базалық ставкаларына сәйкес анықтауға." деген сөздермен ауыстырылсын;
      49-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
      51-тармақ алынып тасталсын;
      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "56. Конкурсты ұйымдастыру үшiн облыстық атқарушы орган облыстық орман шаруашылығын басқару органымен бiрлесiп, облыстық атқарушы орган өкiлдiгi басқаратын конкурстық комиссия құрады.";
      58-тармақтағы "орман шаруашылығын басқару органының шотына кепiлдiк ретiнде өсiп тұрған сүректiң прейскуранттық құны мөлшерiндегi соманы" деген сөздер "атқарушы органның шотына кепiлдiк ретiнде өсiп тұрған сүректiң бастапқы құнының елу пайызы мөлшерiндегi соманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      59-тармақ "Енгiзiлген кепiлдiң сомасы қайтарылмайды және тек сот шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi." деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген Уақытша ережеге қосымшаларда:
      "орман шаруашылығының", "орман шаруашылығы", "орман шаруашылығына" деген сөздер "орман иесiнiң", "орман иесi", "орман иесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшада:
      3.2-тармақта:
      "заңнамада белгiленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын:
      а) тармақша алынып тасталсын;
      б) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) саудаласудан (аукциондардан) сатып алынған өсіп тұрған сүректiң ақшалай қаражаты жергiлiктi бюджетке.";
      3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3.3. Сүректi Сатушыдан Сатып алушыға беру орман заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.";
      2-қосымшада:
      2-бөлiмде:
      "таксалық құны" деген сөздер "төлем ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
      "Жер салығының сомасы ____________
      Қосылған құн салығы ______________
      Барлығы ___________" деген жолдар алынып тасталсын;
      3, 4, 5-қосымшалардан:
      "Сауда комиссияның төрағасы ___________ (қолы)" деген жолдар алынып тасталсын;
      5-қосымшада:
      "сүректiң таксалық құны" деген сөздер "босатылатын сүрек үшiн төлемнiң ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-қосымшада:
      "бiрлестiктiң, ұйымның, кәсiпорынның" деген сөздер "заңды немесе жеке тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.1-тармақтың а) тармақшасындағы "салық пен сауда шығынын қосқанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      2.1.1-тармақта:
      "заңнамада белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      а) тармақша алынып тасталсын;
      б) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) саудаласудан (аукциондардан) сатып алынған өсіп тұрған сүректiң ақшалай қаражаты жергiлiктi бюджетке";
      4.3-тармақтағы "Уағдаластық болмаған жағдайда Сатушы Аларманға келтiрiлген зиян үшiн сүректiң жетпейтiн бөлiгiнiң (саны мен сапасына қарай) екi еселенген аукциондық құны мөлшерiнде Аларманға өтемақы төлейдi." деген сөздер алынып тасталсын;
      4.5-тармақтағы "республикалық" деген сөз "жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-қосымшадағы "таксалық" деген сөз "бастапқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) <*>
      Ескерту. 2-тармақшаның күші жойылды - - ҚР Үкіметінің 2003.12.22. N 1287 қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі