Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 351 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы" 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1006 Жарлығының  5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:
      14 "Борышқа қызмет көрсету" деген функционалдық тобында:
      217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      042 "Yкiметтік борышқа қызмет көрсету" деген бағдарламасында:
      011 "Заемдар бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеу" деген кiшi бағдарламасында "43 670 170" деген сан "42 815 170" деген санмен ауыстырылсын;
      030 "Заемдарды орналастырғаны үшiн комиссиялық төлем" деген кiшi бағдарламасында "22 862" деген сан "877 862" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі