Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерiнен құрама командаларының спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын материалдық ынталандырудың кейбiр шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 335 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Республиканың олимпиадалық спорт түрлерiнен құрама командалары спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар белгiленсiн:
      1) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелерiне-спортшыларына көрсеткен нәтижелерi бойынша бiржолғы төлемдердiң мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      Әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшiн              - 7000 АҚШ доллары
      күмiс медаль үшiн              - 3500 АҚШ доллары
      қола медаль үшiн               - 2100 АҚШ доллары;
      Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн              - 3500 АҚШ доллары
      күмiс медаль үшiн              - 2100 АҚШ доллары
      қола медаль үшін               - 700 АҚШ доллары;
      2) Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерi бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшыларды даярлауды қамтамасыз еткен құрама командалары жаттықтырушылары мен мамандарына бiржолғы төлемдердiң жалпы сомасының мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      Әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшiн              - 3000 АҚШ доллары
      күмiс медаль үшiн              - 2100 АҚШ доллары
      қола медаль үшін               - 900 АҚШ доллары;
      Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн              - 1500 АҚШ доллары
      күмiс медаль үшiн              - 900 АҚШ доллары
      қола медаль үшін               - 500 АҚШ доллары;

      2. Әлем чемпионаттарына, Азия ойындарына қатысудың нәтижелерi бойынша бiржолғы төлемдер Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Премьер-Министр