Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 334 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:
      10-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.";
      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөнiндегi комитет туралы ережеде:
      11-тармақтың 3) тармақшасында:
      "келiсiм-шарттарға қол қоюға" деген сөздер "келiсiм-шарт жасасуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өз құзыретi шеңберінде" деген сөздерден кейiн "инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің құзыретi шегiнде мынадай:
      1) инвестициялық салық преференциялар;
      2) кедендiк баж салудан босату;
      3) мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде инвестициялық преференциялар ұсыну туралы шешiм қабылдауға;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі