Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Алматы облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы мемлекеттік мекемесi (Алматы қаласы) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң облыстық (қалалық) басқармаларының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) тiзбесiнде "Алматы облысы" деген бөлiмнiң реттiк нөмiрi 22-жолы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 483
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiнде:
8-тармақ "желiлiк және кенттiк iшкi iстер бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң, пункттерiнiң)" деген сөздерден кейiн ", мамандандырылған күзет қызметi Республикалық бас басқармасының, облыстық (қалалық) басқармаларының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң)" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі