Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 310 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 469-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бесінші абзацы, 2-тармақ және 5-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі