Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 тамыздағы N 883
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 284-құжат) мынадай
толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегi комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палаталары одағының президентi Хамит Қошанұлы Рақышев (келiсiм бойынша) енгiзілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі