Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын орындау үшiн және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгіне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 119, 121, 125, 126, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 141, 144, 145, 146, 147, 148, 150, 151, 152, 153, 154, 158, 159, 160, 160-1, 160-3, 160-4, 160-5, 160-6, 160-7, 160-8, 160-10, 160-11-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 160-15, 160-16, 160-17-жолдармен толықтырылсын:
"160-15 "Ақтөбе" халықаралық әуежайы" AAҚ;
160-16 "Қазтемiржолжабдықтау" AAҚ
160-17 "Өнеркәсiпбайланыс" ЖАҚ";
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 161-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"161 AКM-001105 "Астана құс" ҚШ" ААҚ;
реттiк нөмiрi 168-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"168 АЛМ-000082 "Асыл" селекциялық орталығы" AAҚ";
реттiк нөмiрлерi 162, 163, 164, 169, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 183, 184, 186, 187, 188, 189, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 205-7, 205-8, 205-9, 205-10-жолдармен толықтырылсын:
"205-7 "Сынаушы" ЖАҚ;
205-8 "Аграрлық кредит корпорациясы"
205-9 "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ;
205-10 "Асыл-түлiк" ААҚ";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 217-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 218-1-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 218-2, 218-3-жолдармен толықтырылсын:
"218-2 "Заң" АК" ААҚ;
218-3 "Қазақстан Республикасының Заң институты" ЖАҚ";
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 220, 221, 222-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 224-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 224-19, 224-20, 224-21, 224-22-жолдармен толықтырылсын:
"224-19 "Кателко" ЖАҚ;
224-20 "Қазақ газеттерi" ЖАҚ;
224-21 "Казахстанская правда" республикалық газетi" ЖАҚ;
224-22 "Қазбаспасөз" ААҚ";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 225, 226-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 226-4, 226-5-жолдармен толықтырылсын:
"226-4 "Химфарм" ААҚ;
226-5 "Медициналық көлiк қызметi" ААҚ";
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 228-1, 228-2-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" деген бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 238-6-жолмен толықтырылсын:
"238-6 "Астананы дамыту корпорациясы" ЖАҚ";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 236-11, 236-12, 236-13, 236-14-жолдармен толықтырылсын:
"236-11 "Қазқараметавтоматика" ААҚ;
236-12 "Қазақ радиотехника зауыты" AAҚ;
236-13 "Темiрбетон" ААҚ;
236-14 "Шағын бизнес орталығы" ЖАҚ";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 264-1, 264-2-жолдармен толықтырылсын:
"264-1 "Құрылысэнергомонтаж" ААҚ;
264-2 "Аңғар" ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі